"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2017 жылғы 2 тамыздағы №14-29/115 ұсынысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі Зеленый Гай ауылындағы "Тайынша Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ошағының жойылуына байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленогай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық режимнің енгізілуіне байланысты шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 20 шілдедегі № 3832 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 тамыздағы №33 "Тайынша Таңы", 2016 жылғы 5 тамыздағы №31 "Тайыншинские Вести" газеттерінде жарияланған),
2) "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Зеленый Гай ауылдық округінің Зеленый Гай ауылының аумағында ветеринариялық тәртібін енгізуіне байланысты шектеу іс-шараларды белгілеу туралы" Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 30 маусымдағы №7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Тайынша ауданының Зеленогай ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 2 қыркүйектегі №9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 21 қыркүйектегі №3894 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қазандағы №41 "Тайынша Таңы", 2016 жылғы 7 қазандағы №41 "Тайыншинские Вести" газеттерінде жарияланған).
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жаряланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеленогай ауылдық округінің әкімі | Г. Бәтенова |