2017 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдауды ұсыну туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 11/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 наурызда № 4088 болып тіркелді

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2015 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8-тармағына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімімен мәлімделген қажеттіліктерді ескере отыра, 2017 жылы Шал ақын ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына:
      1) өтініш беру кезінде жетпіс есе айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) өтініш беру кезінде тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін, бір мың бес жүз есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ұсынылады.
      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринар мамандарына қолданылады.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының
ХI сессиясының төрағасы
Қ. Байзақов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Шал ақын ауданы
мәслихатының хатшысы
Ө. Әмрин

О предоставлении в 2017 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына Северо-Казахстанской области

Решение маслихата района Шал акына Северо-Казахстанской области от 23 февраля 2017 года № 11/2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 10 марта 2017 года № 4088

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2015 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" маслихат района Шал акына Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:
      1. С учетом потребности, заявленной акимом района Шал акына Северо-Казахстанской области, специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района Шал акына в 2017 году предоставить:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления;
      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме, не превышающей одной тысячи пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
      2. Действие пункта 1 настоящего решения распространяется на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.
      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель
ХI сессии маслихата
района Шал акына
Северо-Казахстанской области
К. Байзаков
      Секретарь маслихата
района Шал акына
Северо-Казахстанской области
О. Амрин