Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы əкімдігінің 02.08.2019 № 145 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына сәйкес, Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Шал ақын ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласында мамандары лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстiк Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Есімов |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Солтүстiк Қазақстан облысы | |
Шал ақын ауданының | |
мәслихатының хатшысы | Ө. Әмрін |
2017 жылғы 29 тамыз |
Солтүстік Қазақтан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 160 қаулысына қосымша |
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Шал ақын ауданының ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
1. Денсаулық сақтау мамандарының лауазымдары:
барлық мамандықтағы дәрігерлер;
мейірбике;
емдәм бикесі.
2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:
үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің басшысы;
қариялар мен мүгедектерді күтім бойынша әлеуметтік жұмысшы;
психоневрологиялық ауыратын 18 жастан үлкен мүгедек балаларды күтім
бойынша әлеуметтік жұмысшы;
әлеуметтік жұмыс бойынша консультанты.
3. Білім беру мамандарының лауазымдары:
мемлекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
білім ұйымның мектепке дейінгі мемлекеттік мекеменің басшысы;
білім ұйымның мектепке дейінгі қазыналық кәсіпорынның басшысы;
барлық мамандықтағы мұғалімдер;
социолог, әлеуметтік педагог;
психолог, педагог-психолог;
тәрбиеші;
музыкалық жетекші;
дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;
әдіскер;
вожатый;
кітапхана меңгерушісі;
кітапханашы;
лаборант;
медициналық (лар) қарындасы (інісі);
логопед;
4. Мәдениет мамандарының лауазымдары:
мемелекеттік мекеменің басшысы;
мемлекеттік мекеме басшысының орынбасары;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы;
мемлекеттік қазыналық кәсіпорын басшысының орынбасары;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы;
ауылдық маңызы бар мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның бөлім басшысы;
кітапхананың меңгерушісі;
көркемдік жетекшісі
кітапханашы;
мәдени ұйымдастырушы;
хореограф.
5. Спорт мамандарының лауазымдары:
нұсқаушы;
шебер;
әдіскер;
жаттықтырушы-оқытушы
6. Ветеринария мамандарының лауазымдары:
ветеринариялық дәрігер.