Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 15.01.2019 № 4 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша өлшемдері мен талаптары;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері;
4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыру бағыттары бойынша субсидиялау көлемдері мен нормативтері бекітілсін.
2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 366 "Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3392 болып тіркелген, 2015 жылы 22 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
С. Лұқпанов |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 1-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | Шығындар нормативтері, теңге | Субсидиялау нормативтері, теңге |
1. | сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналығы (жыл бойы қорада күтіп баққан жағдайда) | бас | 332 920 | 329 590 дейін |
2. | сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығы | бас | 167 429 | 82 040 дейін |
3. | селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналығы | бас | 31 101 | 15 239 дейін |
4. | селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың аналық басы | бас | 2 877 | 1409 дейін |
5. | сүт бағытындағы аналық ешкілер | бас | 29 640 | 14 523 дейін |
6. | жылқылар | бас | 36 908 | 18 084 дейін |
7. | түйелер | бас | 83 744 | 41 034 дейін |
Ескертпе:
субсидиялар нормативтері осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен, бірақ, қолдан ұрықтандыруды және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда, азыққа жұмсалған шығындар құнын арзандатуды қоспағанда, шығындардың 50%–ынан аспайтын мөлшерде бекітіледі.
субсидиялар нормативі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіұсынған ауылшаруашылығы жануарларының бір басына арналған тікелей өндірістік шығындар нормативтері негізінде айқындалады.
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 2-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген |
Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемдер мен талаптар | |
1 | сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналығы (жыл бойы қорада күтіп баққан жағдайда) |
Кемінде 400 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүт тауарлы фермалары. | |
2 | сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малының аналығы |
Кемінде 50 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүтті тауарлы ферма; | |
3 | селекциялық және асылдандыру жұмысына қатынасқан ірі қара малының аналық басы |
селекциялық және асылдандыру жұмысына қатынасқан ірі қара малының аналық басы; | |
4 | селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатынасқан қойлардың аналық басы |
селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатынасқан қойлардың аналық басы | |
| сүт бағытындағы аналық ешкілер, |
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы АЖС-да тіркелуі; | |
| жылқы шаруашылығы |
меншігіндегі жылқының аналығы 75 бастан кем емес; | |
| түйе шаруашылығы |
меншігіндегі түйенің аналығы 75 бастан кем емес; |
Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:
АТЖ- селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасы.
АЖС-ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру.
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 3-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 23.02.2018 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1 | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Тауарлы аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10000 | 13980 | 139800,0 |
2) | Қосымша норматив | ||||
80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 8000 | 1500 | 12000,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 6000 | 1500 | 9000,0 | |
1.2. | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 550 | 5500,0 |
Қосымша норматив | |||||
2) | 80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20000 | 160 | 3200,0 |
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15000 | 245 | 3675,0 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу* | бас | 150 000 | 530 | 79500,0 |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1. | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 1100 | 11000,0 |
2) | Қосымша норматив | ||||
70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 20 000 | 400 | 8000,0 | |
60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы | бас | 15 000 | 420 | 6300,0 | |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | асыл тұқымды қойлардың аналық басы | бас | 2 500 | 35 500 | 88750,0 |
2) | тауарлы қойлардың аналық басы | бас | 1 500 | 14 500 | 21750,0 |
2. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу * | ||||
1) | тұқымдық қошқарлар | бас | 20000 | 500 | 10000,0 |
2) | тұсақтар | бас | 8000 | 1000 | 8000,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1 | Асыл тұқымды айғырлар сатып алу * | бас | 100 000 | 20 | 2000,0 |
2 | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу * | бас | 40 000 | 50 | 2000,0 |
Түйе шаруашылығы | |||||
1 | Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу * | бас | 100 000 | 10 | 1000,0 |
2 | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу * | бас | 40 000 | 25 | 1000,0 |
| Жиынтығы: | 412475,0 |
Ескертпе:
* асыл тұқымды жануарларды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 4-қосымша | |
Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген |
Мал шаруашылығы өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - Атырау облысы әкімдігінің 23.02.2018 № 16 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидия нормативі, теңге | Субсидия көлемі | Субсидия сомасы, мың теңге |
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Сүт өндірудің құнын арзандату ** | ||||
1) | жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар | килограмм | 37 | 24532430 | 90 770,0 |
2) | жемдік мал басы 50 бастан басалатын шаруашылықтар | килограмм | 15 | 250000 | 3 750,0 |
3) | ауыл шаруашылығы кооперативтері | килограмм | 10 | 50000 | 500,0 |
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Қозы етін өндіру құнын арзандату** | бас | 1 500 | 2000 | 3 000,0 |
Жылқы шаруашылығы | |||||
1) | Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 101 | 250000 | 25250,0 |
2) | Жылқы етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 222 | 30000 | 6660,0 |
| Түйе шаруашылығы | ||||
1) | Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеуқұнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 111 | 260000 | 28860,0 |
2) | Түйе етін өндіру құнын арзандату | килограмм | 204 | 10000 | 2040,0 |
| Ешкі шаруашылығы | ||||
1) | Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеуқұнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | килограмм | 91 | 120000 | 10920,0 |
Жұмыртқалы құс шаруашылығы | |||||
1. Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату ***** | |||||
1) | 50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс | дана | 2,2 | 29194090 | 64 227,0 |
2) | бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату | дана | 2,5 | 1000000 | 2500,0 |
Мал шаруашылығы | |||||
1. | Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | бас | 20 000 | 300 | 6000,0 |
| Жиынтығы: | 244477,0 |
Ескертпе:
***** ауыл шаруашылығы өнімнің нақты өндірісі өткен жылдың 24-сх нысаны бойынша өткен жылдың статистикалық деректерімен айқындалады;
** осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан бөлінген кезде қосымша бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50% -ға дейін рұқсат етіледі.