Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 322 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" қаулысының күшін жою туралы

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 08 маусымдағы № 207 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 04 шілдеде № 3908 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жылыой ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 322 "Жылыой ауданында кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акті нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 3629 болып тіркелген, 2016 жылғы 20 қазанда аудандық "Кең Жылой" газетінде жарияланған) қаулысы жойылды деп танылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Н. Өмірбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ізбасов

О признании утратившим силу постановления акимата Жылыойского района от 8 сентября 2016 года № 322 "Об установлении квоты для трудоустройства граждан Жылыойского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации"

Постановление акимата Жылыойского района Атырауской области от 08 июня 2017 года № 207. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 04 июля 2017 года № 3908

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Признать утратившим силу постановление акимата Жылыойского района от 8 сентября 2016 года № 322 "Об установлении квоты для трудоустройства граждан Жылыойского района из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования, лиц, освобожденных из мест лишения свободы, лиц, состоящих на учете службы пробации" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3629, опубликованное в районной газете "Кең Жылой" 20 октября 2016 года).

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Жылыойского района Умирбаева Н.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района М. Избасов