"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35 бабына және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жылыой аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2017 жылғы 10 шілдедегі № 120 ұсынысы негізінде Жаңа Қаратон кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа Қаратон кенті әкімінің 2017 жылғы 04 мамырдағы № 19 "Шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3858 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімінің | |
міндетін атқарушы | Ш. Жалгасбаева |