"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 13 сәуірдегі қорытындысы негізінде Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ақкиізтоғай ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы |
Д. Тилеуов |
Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "26" маусымдағы № 26 шешіміне қосымша |
Ақкиізтоғай ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге - "Шалкиіз жырау" есімі;
2) № 2 көшеге - "Сыпыра жырау" есімі;
3) № 3 көшеге - "Молхат" атауы;
4) № 4 көшеге - "Ілияс Жансүгіров" есімі;
5) № 5 көшеге - "Айжарық Көшербайұлы" есімі;
6) № 6 көшеге - "Түркеш" атауы;
7) № 7 көшеге - "Жәңгір хан" есімі;
8) № 8 көшеге - "Сүйінбай Аронұлы" есімі;
9) № 9 көшеге - "Жаңатаң" атауы;
10) № 10 көшеге - "Мөңке би" есімі;
11) № 11 көшеге - "Ақберен" атауы;
12) № 12 көшеге - "Қайшыбай Боқанов" есімі;
13) № 13 көшеге - "Меңдекеш Сатыбалдиев" есімі;
14) № 14 көшеге - "Тілекқабыл Жанаев" есімі;