Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет ауданы әкімдігінің 29.03.2018 № 67 (жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Махамбет аудандық әкімдігінің 2017 жылғы 15 ақпандағы № 50 "Махамбет аудандық әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3801 санымен тіркелген, 2017 жылғы 30 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Махамбет аудандық әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің мемлекеттік тіліндегі 4-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Махамбет ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.С. Қалиевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Құттұмұрат-ұлы |
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
__________________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) | Бағалау нәтижелері туралы мәлімет | Бағалау нәтижелері комиссиямен түзетілуі (бар болған жағдайда) | Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссияның хатшысы: __________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның төрағасы: __________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)
Комиссияның мүшесі: ____________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты-жөні, қолы)