"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысына сәйкес Қамысқала ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Исатай ауданы, Қамысқала ауылдық округі, Ауқайраң елді мекенінің "Оңтүстік Батыс Қамысты" кен орны орналасқан құрамдас бөлігі (алаңы) "Бөлекбай Сағынғалиевтың" есімімен атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысқала ауылдық округінің әкімі | С. Саменов |