Мақат ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қаңтардағы № 02 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 ақпанда № 3784 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 208 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 29.11.2022 № 208 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабын, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығы негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Мақат ауданының мүгедектерін жұмысқа орналастыру үшін квота тізімдік саны бар ұйымдарға:

      1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. Гумаровқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства инвалидов Макатского района

Постановление акимата Макатского района Атырауской области от 9 января 2017 года № 02. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 15 февраля 2017 года № 3784. Утратило силу постановлением акимата Макатского района Атырауской области от 29 ноября 2022 года № 208

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Макатского района Атырауской области от 29.11.2022 № 208 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Руководствуясь статьей 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 1) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 06 апреля 2016 года "О занятости населения", на основании приказа Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 июня 2016 года № 498 "Об утверждении Правил квотирования рабочих мест для инвалидов" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14010) районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить квоту рабочих мест для трудоустройства инвалидов Макатского района без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда организациям со списочной численностью работников:

      1) от пятидесяти до ста человек – в размере двух процентов списочной численности работников;

      2) от ста одного до двухсот пятидесяти человек – в размере трех процентов списочной численности работников;

      3) свыше двухсот пятидесяти одного человека – в размере четырех процентов списочной численности работников.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Гумарова Ж.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района Б. Сарсенгалиев