"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Ақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақкөл ауылындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б.Рамазанов |
Ақкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "10" мамырдағы № 44 шешіміне қосымша |
Ақкөл ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге - "Абай" есімі;
2) № 2 көшеге - "Амангелді Иманов" есімі;
3) № 3 көшеге - "Дина Нұрпейісова" есімі;
4) № 4 көшеге - "Жамбыл Жабаев" есімі;
5) № 5 көшеге - "Мәншүк Мәметова" есімі;
6) № 6 көшеге - "Қаныш Сәтбаев" есімі;
7) № 7 көшеге - "Махамбет" есімі;
8) № 8 көшеге - "Сайпеден Құспанов" есімі;
9) № 9 көшеге - "Құрманғазы" есімі;
10) № 10 көшеге - "Әбу Сәрсенбаев" есімі;
11) № 11 көшеге - "Рахымжан Қошқарбаев" есімі;
12) № 12 көшеге - "Дінмұхамед Қонаев" есімі;
13) № 13 көшеге - "Жұмекен Нәжімеденов" есімі;
14) № 14 көшеге - "Әліби Жангелдин" есімі;
15) № 15 көшеге - "Әлия Молдағұлова" есімі
16) № 16 көшеге - "Шоқан Уалиханов" есімі;
17) № 17 көшеге - "Төлесін Әлиев" есімі;
18) № 18 көшеге - "Құлес Тәкешов" есімі;
19) № 19 көшеге - "Шәмші Қалдаяқов" есімі;
20) № 20 көшеге - "Мұхтар Әуезов" есімі;
21) № 21 көшеге - "Исатай" есімі;
22) № 22 көшеге - "Сұлтан Бейбарыс" есімі;
23) № 23 көшеге - "Сәкен Сейфуллин" есімі;
24) № 24 көшеге - "Ыбырай Алтынсарин" есімі;
25) № 25 көшеге - "Мұқағали Мақатаев" есімі;
26) № 26 көшеге - "Арқалық" атауы.