"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14–бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37–бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірлік және Амангелді ауылдарындағы кейбір көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Б. Акбанов |
Бірлік ауылдық округі әкімінің 2017жылғы "11"мамырдағы № 8 шешіміне қосымша |
1. Бірлік ауылында:
1) № 1 көшеге – "Бірінші мамыр" атауы;
2) № 2 көшеге – "Тәуелсіздік" атауы;
3) № 3 көшеге - "Қиғаш" атауы;
4) № 4 көшеге - "Балықшы" атауы;
5) № 5 көшеге - "Ынтымақ" атауы;
6) № 6 көшеге - "Филосов Котельников" есімі;
7) № 7 көшеге - "Сатыбалды Расбеков" есімі;
8) № 8 көшеге - "Василий Григорьев" есімі;
9) № 9 көшеге - "Қаби Оқаев" есімі;
10) № 10 көшеге - "Әмірғали Мұқашев" есімі;
11) № 11көшеге - "Мұхамбетшәріп Бекбаев" есімі.
2.Амангелді ауылында:
1) № 1 көшеге - "Сарай Сүйіншәліқызы" есімі;
2) № 2 көшеге - "Ұлы Жеңіске 60 жыл" атауы;
3) № 3 көшеге - "Амангелді Иманов" есімі;
4) № 4 көшеге - "Болашақ" атауы.