"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына сәйкес және Атырау облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 7 ақпандағы қорытындысы негізінде, Асан ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Асан және Үштаған ауылдарындағы көшелерге қосымшаға сәйкес келесі атаулар берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі | Г. Кабдражитова |
Асан ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы "17" мамырдағы № 05 шешіміне қосымша |
1. Асан ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге – "Тұрар Рысқұлов" есімі;
2) № 2 көшеге – "Жиделі" атауы;
3) № 3 көшеге – "Болашақ" атауы.
2. Үштаған ауылындағы көше атауларының тізімі:
1) № 1 көшеге – "Дәулеткерей" есімі;
2) № 2 көшеге – "Қайрат Рысқұлбеков" есімі;
3) № 3 көшеге – "Жастар" атауы;
4) № 4 көшеге – "Нарын" атауы.