Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 29.03.2018 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Кентау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 57 шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3939 тіркелген) Кентау қаласының жерлерді аймақтарға бөлу схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 379, 381 және 383 баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшелемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.
2. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Кентау қалалық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | У. Әбдуәлиев |
Кентау қалалық | |
мәслихат хатшысы | Т. Балабиев |