"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі қорытындысы негізінде Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты көшелерге келесі атаулар берілсін:
1) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Таңшуақ атауы;
2) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге - Қазығұрт атауы;
3) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 3 көшеге - Алакөл атауы;
4) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 4 көшеге - Нұрлыжол атауы;
5) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 5 көшеге - Күншуақ атауы;
6) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 6 көшеге - Самал атауы;
7) Ынтымақ ауылындағы Жаңа құрылыс № 7 көшеге - Ақбұлақ атауы;
8) Әбдіхалық ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Бірлік атауы;
9) Мырзашөл ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге - Ақжайық атауы;
10) Жаңа ауыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 1 көшеге - Атамекен атауы;
11) Жаңа ауыл ауылындағы Жаңа құрылыс № 2 көшеге - Бейбітшілік атауы.
2. "Жаңа ауыл ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Мақтарал ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Жаңа ауыл ауылдық округі әкімінің орынбасары К.Жумашевке жүктелсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жаңа ауыл | |
ауылдық округі әкімі | А.Пошаев |