"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Отырар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 наурыздағы № 144 "Б" корпусындағы аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері мен Отырар ауданы әкімі аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3676 тіркелген, 2016 жылғы 8 сәуірдегі "Отырар алқабы" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Отырар ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Отырар ауданы әкімдігінің интернет ресурсына орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Құрманға жүктелсін.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |