Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар ауданы әкiмдiгiнiң 02.03.2018 № 39 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Отырар ауданы әкімінің орынбасары А.Жүнісовке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Е.Айтаханов |
Отырар ауданы әкімдігінің 08 қыркуйектегі 2017 жылғы № 196 қаулысына қосымша |
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері
қ/с | Кәсіпорының, ұйымының, макеменің атауы | Тізімдік саны | Квота мөлшері (%) |
1 | Мемлекеттік мекеме "Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" | 83 | 1 |
2 | Отырар ауданы әкімдігінің Шәуілдір ауыл округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі "Балдырған-1" балалар бақшасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 50 | 1 |
3 | "Отырар ауданы білім бөлімінің "Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 124 | 1 |
4 | "Гауhар бөбекжай-балабақшасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 50 | 1 |
5 | Отырар ауданы әкімдігі Отырар аудандық білім бөлімінің "Отырар өнер және саз мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 50 | 1 |
6 | Отырар ауданы әкімдігінің "Отырар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үйде әлеуметтік қызмет көрсету" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 50 | 1 |
Барлығы: | 407 | 6 |