Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмiнiң 23.01.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуiрдегi Заңының 48 бабына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 2 шiлдедегi № 756 "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгiлеу туралы" қаулысына сәйкес және Сайрам ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi комиссиясының кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 23 тамыздағы № 6 хаттамасы негiзiнде, Сайрам ауданының әкiмi ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Сайрам ауданы Қарамұрт ауылдық округінің 117 кварталында Ақсу өзені бойында орналасқан сібір жарасы көміндісін су шаюы қаупі туындауы мүмкiндігіне байланысты жергiлiктi ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. "Сайрам ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:
1) осы шешімді Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2) осы шешімді Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсiн.
3.Төтенше жағдайды жою басшысы болып Сайрам ауданы әкімінің кеңесшісі И.Марин тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі | Б.Мамаев |