Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 24.11.2017 № 459 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн қолданысқа енгiзiледi).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулының 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 қазандағы № 480 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3871 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашадағы "Сарыағаш" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары К.Кыстаубаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | К.Абдуалиев |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 179 қаулысына 1-қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Мектепке дейінгі мекемелердегі орын саны | Оның ішінде | |
республикалық бюджет есебінен | жергілікті бюджет есебінен | |
19194 | 19039 | 155 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 179 қаулысына 2-қосымша |
Жан басына шаққандағы қаржыландырудың мөлшері
Айына бір тәрбиеленушіге кететін орташа шығыс, теңге | |
Балабақша | Инклюзивті білім беруді іске асыратын мектепке дейінгі ұйым |
20900,0 | 45727,0 |
Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 179 қаулысына 3-қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Барлығы |
Күніне бір баланың шығыны, 3 жасқа дейін теңге | Күніне бір баланың шығыны, 3 жастан 7 жасқа дейін теңге (көп емес) |
331,06 | 398,78 |
Ескертпе: 1 күніне бір балаға жас ерекшелігіне қарай кететін шығын. Нақты жұмыс күніне есептелген.