Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 18.10.2023 № 275 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Созақ ауданының Шолаққорған ауылдық округінің Теріскей елді мекені, Созақ ауылдық округінің Шақырық елді мекені және Құмкент ауылдық округінің Қызылқанат елді мекендері есепті деректерден шығарылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбетке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Исаев |