Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкiмдiгiнiң 29.11.2017 № 329 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексiнiң 18 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9 бабының 6) тармақшасына сәйкес Түлкібас ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыс орындарын есептемегенде мынадай тiзiмдiк саны бар ұйымдарға:
1) елуден жүз адамға дейiн – жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының екi пайызы мөлшерiнде;
2) жүзден екi жүз елу адамға дейiн – жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының үш пайызы мөлшерiнде;
3) екi жүз елуден артық адам – жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының төрт пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
2. "Түлкібас ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат республикалық орталығына жіберуін;
2) осы қаулыны Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Ж.Бектаеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | М.Жанесен |