РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына, 11-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, "Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 11094) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2017 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д. М. Мусинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" мамырдағы № 131 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша өсімдік шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруға берілетін субсидиялардың 2017 жылға арналған көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 18.08.2017 № 210 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
р/с | Аудандар, қалалар атауы |
Субсидиялар көлемдері, |
1 | Аягөз ауданы | 18 865,6 |
2 | Бесқарағай ауданы | 11 444,0 |
3 | Бородулиха ауданы | 43 026,8 |
4 | Глубокое ауданы | 19 132,4 |
5 | Жарма ауданы | 10 058,0 |
6 | Зайсан ауданы | 6 887,9 |
7 | Зырян ауданы | 8 424,0 |
8 | Катонқарағай ауданы | 11 081,0 |
9 | Көкпекті ауданы | 95 268,0 |
10 | Күршім ауданы | 7 792,0 |
11 | Тарбағатай ауданы | 11 749,7 |
12 | Үржар ауданы | 25 383,2 |
13 | Ұлан ауданы | 43 048,0 |
14 | Шемонаиха ауданы | 38 424,5 |
15 | Өскемен қаласы | 20 433,8 |
16 | Семей қаласы | 8 286,0 |
17 | Риддер қаласы | 695,1 |
Жиыны: | 380 000,0 |