Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 21.06.2018 № 2768 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының 33-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Е. Аймұқашев |
Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы "04" 05 № 1821 қаулысымен бекітілген |
Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14637 болып тіркелген) "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Үлгілік әдістемесінің негізінде әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – Қызметшілер) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.
2. Қызметшілердің қызметін бағалау (бұдан әрі – Бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.
3. Бағалау қызметшілердің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.
Қызметшіні бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.
Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі қызметшілердің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.
4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және қызметшінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.
Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес қызметші тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы тұлға болып табылады.
Қаланың атқарушы органдары басшылары үшін бағалау қала әкімімен немесе өкілеттігі бойынша оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі.
5. Жылдық бағалау:
1) қызметшінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;
2) Осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес қызметшінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
6. Бағалауды өткізу үшін қызметшіні мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, қала әкімі персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) оның жұмыс органы болып табылады (бұдан әрі – персоналды басқару қызметі).
7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі.
Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы ретінде персоналды басқару қызметінің қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
10. Жұмыстың жеке жоспары қызметшімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
11. Қызметші лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы қызметші жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.
12. Қызметші жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.
13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару қызметіне беріледі. Екінші дана қызметшінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.
3. Бағалауды жүргізуге дайындық
14. Персоналды басқару қызмет Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметі бағалауға жататын қызметшіні және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.
4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы
15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.
16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.
17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.
18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.
Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін қызметші тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.
19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.
20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшысының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.
Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде құжатайналым қызметі және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
21. Еңбек тәртібін бұзуға:
1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;
2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.
Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару қызметі және қызметшінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.
22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қызметшіге әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.
23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, қызметші тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасын сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.
24. Тікелей басшы қызметшінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтері берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.
25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына қызметшімен қол қойылады.
Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
26. Қызметшінің тікелей басшысы қызметшінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:
– тоқсандық баға;
a – көтермелеу балдары;
в – айыппұл балдары.
27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.
5. Жылдық бағалау
28. Жылдық бағалауды өткізу үшін қызметші тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.
29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.
30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:
Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;
Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.
31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын қызметші растайды.
Қызметшінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің жұмыскері және қызметшінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.
32. Персоналды басқару қызметі қызметшінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:
– жылдық баға;
– есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:
"қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,
"қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,
"тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,
"өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;
– жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық"; 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы" қойылады.
6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы
34. Персоналды басқару қызметі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.
Персоналды басқару қызметі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын;
3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:
1) бағалау нәтижелерін бекітеді;
2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.
36. Персоналды басқару қызметі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде қызметшіні таныстырады.
Қызметшіні бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.
Қызметшінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметінің қызметкері танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.
37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметінде сақталады.
7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану
38. Комиссия шешіміне қызметшінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – Уәкілетті орган) немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
39. Уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті қызметшіден шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.
40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.
41. Қызметшінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.
8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау
42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.
43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар қызметшілерге төленеді.
44. Қызметшіні оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша қызметшінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.
Қызметші Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілік жоғарылату курстарына жіберіледі.
45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған қызметші мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.
46. Қызметшінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, қызметші заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.
47. Қызметшілерді бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.
Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша |
Нысан
"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары
__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) _____________________________
Қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________
Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ____________________________________
_____________________________________________________________________
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштер* | Күтілетін нәтиже |
1 |
Мақсаттық көрсеткіш 1 | |
2 |
Мақсаттық көрсеткіш 2 | |
3 | Мақсаттық көрсеткіш 3 | |
4 | … |
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.
Қызметші |
Тікелей басшы |
Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша |
Нысан
Бағалау парағы
_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда): _____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________
_____________________________________________________________________________
Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:
№ р/с |
Қызметшінің өзін-өзі бағалауы |
Тікелей басшының бағалауы |
Ескерту | ||||
Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәлімет-тер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер | Орындау тәртібін бұзу туралы мәлімет-тер | Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер | ||
1 | |||||||
2 | |||||||
3 | |||||||
Өзін-өзі бағалау нәтижесі: | Бағалау нәтижесі: |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша |
Нысан
Бағалау парағы
_________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда) _____________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _____________________________________________
Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: _________________________
_____________________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы:
№ р/с | Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
Маңызы |
Қызметшінің | Басшының бағалау нәтижелері |
Ескерту |
1 | 1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
2 | 2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі | 2-ден 5 ке дейін | |||
3 | 3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі |
2-ден 5 ке дейін | |||
4 | … |
Қызметші |
Тікелей басшы |
Өскемен қаласы әкімі аппараты және атқарушы органдары "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша |
Нысан
Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы
______________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
______________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелері
№ р/с | Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда |
Бағалау нәтижелері туралы мәліметтер | Комиссиямен түзетілген бағалау нәтижелері (болған жағдайда) |
Комиссияның ұсыныстары |
1. | ||||
2. | ||||
... |
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерілген:
Комиссияның хатшысы: _____________________________________ Күні: _______
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)
Комиссияның төрағасы: _____________________________________ Күні: ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссияның мүшесі: _______________________________________Күні: ________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)