РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 11 сәуірдегі № 194 "Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 5 қыркүйектегі № 2060 "2016-2020 жылдарға арналған Өскемен қаласының коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4687 тіркелген, 2016 жылғы 13 қазанда "Алдаспан", "Устинка" газеттерінде, 2016 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 19 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулысымен бекітіліген 2016-2020 жылдарға арналған бәсекелес ортаға беруге ұсынылған Өскемен қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдардың тізімінде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:
4. | "Өскемен-Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (жарғылық капиталындағы мемлекеттің қатысу үлесінің бөлігі жарғылық капиталынан 49 (қырық тоғыз) пайыз мөлшерінде) |
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының | |
әкімі | Қ. Тұмабаев |