"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің,жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттiк әкімшілік қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 452 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 мамырда № 5007 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 575 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 05.04.2018 № 575 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 – бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 33 – бабы 5-тармағына, "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 110 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14637 болып тіркелген) сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі бекітілсін.

      2. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы З. Р. Исабаеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 


      Семей қаласының әкімі Е. Сәлімов

  Қала әкімдігінің
2017 жылғы "10" сәуірдегі
452 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің (бұдан әрі – "Б" корпусының қызметшілері) қызметін бағалау алгоритмін айқындайды.

      2. "Б" корпусы қызметшілерінің қызметін бағалау (бұдан әрі – бағалау) олардың жұмыс тиімділігі мен сапасын анықтау үшін жүргізіледі.

      3. Бағалау "Б" корпусы қызметшісінің атқаратын лауазымындағы қызметінің нәтижелері бойынша:

      1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) – бағаланып жатқан жылдағы есептік тоқсаннан кейінгі айдың онынан кешіктірмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткізілетін төртінші тоқсанды қоспағанда);

      2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) – бағаланып жатқан жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірмей жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзімі үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзімі кезеңінде өткізілмейді.

      Әлеуметтік демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабілетсіздігі кезеңіндегі "Б" корпусының қызметшілерінің бағалауы жұмысқа шыққаннан кейін 5 жұмыс күні мерзімінде өтеді.

      4. Тоқсандық бағалауды тікелей басшы жүргізеді және "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық міндеттерді орындауын бағалауға негізделеді.

      Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес "Б" корпусы қызметшісі тікелей бағынатын тұлға, оның тікелей басшысы болып табылады.

      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын қаланың атқарушы органдары басшыларының бағалауын қаланың әкімімен немесе оның уәкілдігі бойынша оның орынбасарларының бірімен жүргізіледі.

      5. Жылдық бағалау:

      1) "Б" корпусы қызметшісінің есептік тоқсандардағы орта бағасынан;

      2) Осы әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес "Б" корпусы қызметшісінің жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.

      6. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі комиссия құрылады, қала әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі (бұдан әрі – персоналды басқару бөлімі) оның жұмыс органы болып табылады.

      7. Бағалау жөніндегі комиссияның отырысы оның құрамының үштен екісінен астамы қатысқан жағдайда өкілетті болып есептеледі. Бағалау жөніндегі комиссияның төрағасы не мүшесі болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөніндегі комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу арқылы уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      8. Бағалау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөніндегі комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы персоналды басқару бөлімінің қызметшісі болып табылады. Бағалау жөніндегі комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.

2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру

      10. Жұмыстың жеке жоспары "Б" корпусы қызметшісімен және оның тікелей басшысымен бірлесіп келесі жылдың оныншы қаңтарынан кешіктірілмей осы Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.

      11. "Б" корпусының қызметшісін лауазымға осы Әдістеменің 10-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы "Б" корпусы қызметшісі жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде құрастырылады.

      12. "Б" корпусының қызметшісі жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетін, қолжетімді, белгілі бір орындау мерзімдермен болу қажет.

      13. Жеке жоспар екі данада құрастырылады. Бір дана персоналды басқару бөліміне беріледі. Екінші дана "Б" корпусы қызметшісінің құрылымдық бөлімше басшысында болады.

3. Бағалауды жүргізуге дайындық

      14. Персоналды басқару бөлімі Бағалау бойынша комиссия төрағасының келісімімен бағалауды өткізу кестесін қалыптастырады.

      Персоналды басқару бөлімі бағалауға жататын "Б" корпусы қызметшісін және бағалауды іске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтізбелік он күн бұрын бағалау туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді және оларға бағалау парақтарын толтыру үшін жібереді.

4. Лауазымдық міндеттерді орындаудың тоқсандық бағалауы

      15. Лауазымдық міндеттерді орындауды бағалау негізгі, көтермелеу және айыппұл балдарынан құралады.

      16. Қызметшінің өз лауазымдық міндеттерін орындағаны үшін негізгі балдар 100 балл деңгейінде белгіленеді.

      17. Көтермелеу балдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделі болып табылатын қызмет түрлері үшін қойылады.

      18. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемінен асатын қызмет көрсеткіштері және күрделі болып табылатын қызмет түрлері мемлекеттік органдармен өз ерекшеліктеріне сүйеніп өз бетімен белгіленеді және атқарылған жұмыстың көлемі мен күрделілігінің қосу тәртібімен бес деңгейлік шәкіл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетін қызмет көрсеткіштері мен түрлеріне Электрондық құжат алмасудың бірыңғай жүйесінде және мемлекеттік органның Интранет-порталында белгіленетін де, белгіленбейтін де құжаттар мен іс-шаралар кіре алады.

      Әр көтермеленетін қызмет көрсеткіші мен түрі үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшымен бекітілген шәкілге сәйкес "+1"-ден "+5" балға дейін иеленеді.

      19. Айыппұл балдары орындау және еңбек тәртібін бұзғаны үшін қойылады.

      20. Атқарушылық тәртібін бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттік орган басшылығының, тікелей басшысының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін орындау мерзімдерін бұзу жатады.

      Атқарушылық тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде қала әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі (бұдан әрі – құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі) және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      21. Еңбек тәртібін бұзуға:

      1) дәлелді себепсіз жұмысқа кешігу;

      2) қызметшілердің қызметтік әдепті бұзуы жатады.

      Еңбек тәртібін бұзу фактілері туралы ақпараттың дереккөздері ретінде персоналды басқару бөлімі және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысының құжатпен дәлелденген мәліметі саналады.

      22. Әр атқарушылық және еңбек тәртібін бұзғаны үшін "Б" корпусының қызметшісіне әр бұзу фактісі үшін "-2" мөлшерінде айыппұл баллдары қойылады.

      23. Лауазымдық міндеттердің орындалуын бағалауды жүргізу үшін, "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға осы Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келісу үшін ұсынады.

      24. Тікелей басшы "Б" корпусы қызметшісінің еңбек және атқарушылық тәртібін бұзғаны туралы персоналды басқару бөлімі, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі берген мәліметтерін есепке ала отырып, бағалау парағында берілген деректердің растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгізеді және онымен келіседі.

      25. Тікелей басшы келіскеннен кейін, бағалау парағына "Б" корпусы қызметшісімен қол қойылады.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберу үшін кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы еркін нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.

      26. Қызметшінің тікелей басшысы "Б" корпусы қызметшісінің тоқсандық қорытынды бағасын келесі формула арқылы есептейді:



      – тоқсандық баға;

      a – көтермелеу балдары;

      в – айыппұл балдары.

      27. Тоқсандық қорытынды баға келесі шәкіл бойынша қойылады: 80 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз", 80-нен 105 (қоса алғанда) балға дейін – "қанағаттанарлық", 106-дан 130 балға дейін (қоса алғанда) – "тиімді", 130 балдан астам – "өте жақсы" қойылады.

5. Жылдық бағалау

      28. Жылдық бағалауды өткізу үшін "Б" корпусының қызметшісі тікелей басшыға келісу үшін осы Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған жеке жоспарды орындау бағалау парағын жолдайды.

      29. Тікелей басшы бағалау парағын онда берілген мәліметтердің анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгізеді (болған жағдайда) және оған келісім береді.

      30. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау келесі шәкіл бойынша қойылады:

      Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткіштің орындалмағаны үшін 2 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің жартылай орындалғаны үшін – 3 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің орындалғаны (күтілетін нәтижеге қол жеткізгені) үшін – 4 балл;

      Мақсаттық көрсеткіштің күтілетін нәтижесіне асыра қол жеткізгені үшін – 5 балл қойылады.

      31. Тікелей басшымен келіскеннен кейін бағалау парағын "Б" корпусының қызметшісі растайды.

      "Б" корпусы қызметшісінің бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөніндегі комиссияның отырысына жіберуге кедергі бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің жұмыскері және "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркін нысанда акт құрастырылады.

      32. Персоналды басқару қызметі "Б" корпусы қызметшісінің жылдық қорытынды бағасын келесі формула бойынша Бағалау жөніндегі комиссия отырысына дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей есептейді:


      – жылдық баға;

      – есептік тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).

      Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәні осы Әдістеменің 27-тармағында көрсетілген шәкілді есепке ала отырып, бес балдық бағалар жүйесіне келтіріледі, атап айтқанда:

      "қанағаттанарлықсыз" мәнге (80 балдан төмен) – 2 балл,

      "қанағаттанарлық" мәнге (80-нен 105 балға дейін) – 3 балл,

      "тиімді" мәнге (106-дан 130 балға (қоса алғанда) дейін) – 4 балл,

      "өте жақсы" мәнге (130 балдан астам) – 5 балл;

      –

      жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).

      33. Жылдың қорытынды бағасы мынадай шәкіл бойынша қойылады: 3 балдан төмен – "қанағаттанарлықсыз"; 3 балдан бастап 3,9 балға дейін – "қанағаттанарлық" 4 балдан бастап 4,9 балға дейін – "тиімді"; 5 балл – "өте жақсы" қойылады.

6. Комиссияның бағалау нәтижелерін қарауы

      34. Персоналды басқару бөлімі Комиссия төрағасымен келісілген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерін қарау бойынша Комиссияның отырысын өткізуді қамтамасыз етеді.

      Персоналды басқару бөлімі Комиссияның отырысына келесі құжаттарды:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) "Б" корпусы қызметшісінің лауазымдық нұсқаулығын;

      3) осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.

      35. Комиссия бағалау нәтижелерін қарастырады және келесі шешімдердің бірін шығарады:

      1) бағалау нәтижелерін бекітеді;

      2) бағалау нәтижелерін қайта қарайды.

      Бағалау нәтижелерін қайта қарау туралы шешім қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиісті түсіндірмемен бағаны түзетеді.

      36. Персоналды басқару бөлімі бағалау нәтижелерімен ол аяқталған соң екі жұмыс күні ішінде "Б" корпусының қызметшісін таныстырады.

      "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргізіледі.

      "Б" корпусы қызметшісінің танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерін оның қызметтік тізіміне енгізуге кедергі болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару бөлімінің қызметкерімен танысудан бас тарту туралы еркін нұсқада акт құрастырылады.

      37. Осы Әдістеменің 34-тармағында көрсетілген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару бөлімінде сақталады.

7. Бағалау нәтижелеріне шағымдану

      38. Комиссия шешіміне "Б" корпусы қызметшісінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне шағымдануы шешім шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      39. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган немесе оның аумақтық департаменті "Б" корпусы қызметшісінен шағым түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде шағымды қарайды және заңнамамен белгіленген бағалау жүргізу тәртібінің бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттік органға Комиссия шешімінің күшін жою туралы ұсыныс жасайды.

      40. Қабылданған шешім туралы ақпаратты мемлекеттік орган екі апта ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық департаментіне жолданады.

      41. "Б" корпусы қызметшісінің бағалау нәтижелеріне сотта шағымдануға құқығы бар.

8. Бағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау

      42. Бағалау нәтижелері бонус төлеу және оқыту бойынша шешім қабылдауға негіз болып табылады.

      43. Бонустар "өте жақсы" және "тиімді" бағалау нәтижелері бар "Б" корпусы қызметшілеріне төленеді.

      44. "Б" корпусының қызметшісін оқыту (біліктілігін арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша "Б" корпусы қызметшісінің қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргізіледі.

      "Б" корпусының қызметшісі Комиссия оның қызметін жылдық бағалаудың нәтижелерін бекіткеннен кейін үш ай ішінде біліктілік жоғарылату курстарына жіберіледі.

      45. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған "Б" корпусының қызметшісі мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлімгер ретінде бекітілмейді.

      46. "Б" корпусы қызметшісінің қатарынан екі жыл қорытындысы бойынша "қанағаттанарлықсыз" мәндегі бағалау нәтижесі оны лауазымында төмендетуге негіз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, "Б" корпусының қызметшісі заңнамамен белгіленген тәртіпте жұмыстан шығарылады.

      47. "Б" корпусының қызметшілерін бағалаудың нәтижелері олардың қызметтік тізімдеріне енгізіледі.

  "ШҚО Семей қаласы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің, жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
1-қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жергілікті органдарының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары

__________________________________ жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)

      Қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))____________________________

      Қызметшінің лауазымы: _______________________________________________________

      Қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:___________________________________

      ____________________________________________________________________________

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштер*

Күтілетін нәтижелер


Мақсаттық көрсеткіш 1
 


Мақсаттық көрсеткіш 2
 

3

Мақсаттық көрсеткіш 3

4

Мақсаттық көрсеткіш 4


      Ескертпе:

      * Мақсаттық көрсеткіштер мемлекеттік органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшінің функционалдық міндеттеріне сәйкестігін есепке ала отыра анықталады.

      Мақсаттық көрсеткіштердің саны төрттен көп емес, оның ішінде жартысы өлшенетін болуға тиіс.

Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
 

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________ 
 

  "ШҚО Семей қаласы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің, жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
2-қосымша

Бағалау парағы

_____________________ тоқсан _____ жыл
(бағаланатын кезең)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда): _______________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің лауазымы: _______________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы:__________________________________________________________________________

      Лауазымдық міндеттерді орындау бағасы:

№ р/с

Қызметшінің өзін-өзі бағалауы

Тікелей басшының бағалауы

Ескерту

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Көтермеленетін көрсеткіштер мен қызмет түрлері туралы мәліметтер

Орындау тәртібін бұзу туралы мәліметтер

Еңбек тәртібін бұзу туралы мәліметтер

1

2
 

3
 


Өзін-өзі бағалау нәтижесі:

Бағалау нәтижесі:

Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
 

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
 

  "ШҚО Семей қаласы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің, жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
3-қосымша

Бағалау парағы

_________________________жыл
(бағаланатын жыл)

      Бағаланатын қызметшінің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):_______________________________________________________________________Бағаланатын қызметшінің лауазымы: ________________________________________________________________________________

      Бағаланатын қызметшінің құрылымдық бөлімшесінің атауы: ________________________________________________________________________________

      Жеке жоспарды орындау бағасы

№ р/с

Мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

Маңызы 

Қызметшінің өзін-өзі бағалау нәтижелері

Басшының бағалау нәтижелері

Ескерту

1

1 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі

2-ден 5 ке дейін

2

2 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 

2-ден 5 ке дейін 

3

3 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 

2-ден 5 ке дейін
 


4 мақсаттық көрсеткіштің нәтижесі 

 2-ден 5 ке дейін


Қызметші
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
 

Тікелей басшы
___________________________
(тегі, аты-жөні)
күні _______________________
қолы ____________________
 

  "ШҚО Семей қаласы әкімінің
аппараты" мемлекеттік
мекемесінің, жергілікті
бюджеттен
қаржыландырылатын атқарушы
органдардың "Б" корпусы
мемлекеттік әкімшілік
қызметшілерінің қызметін
бағалау әдістемесіне
4-қосымша

Бағалау жөніндегі комиссия отырысының хаттамасы

____________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)

____________________________________________________________________
(бағалау түрі: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)

      Бағалау нәтижелері

№ р/с

Қызметшілердің (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда

Бағалау нәтижелері туралы мәлімет

Комиссияның ұсыныстары

1.
 

2.
 

3.


      Комиссия қорытындысы:

      ____________________________________________________________________________ Тексерген:

      Комиссияның хатшысы: ________________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда, қолы)

      Комиссияның төрағасы: _________________________________________ Күні: ____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

      Комиссияның мүшесі: _________________________________________ Күні: _____________
(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда қолы)

Об утверждении Методики оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима города Семей Восточно-Казахстанской области", исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета

Постановление акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 10 апреля 2017 года № 452. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 5 мая 2017 года № 5007. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 5 апреля 2018 года № 575

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата города Семей Восточно-Казахстанской области от 05.04.2018 № 575 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан", приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 29 декабря 2016 года № 110 "О некоторых вопросах оценки деятельности административных государственных служащих" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 14637), акимат города Семей ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Методику оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима города Семей Восточно-Казахстанской области", исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета.

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления акимата возложить на руководителя аппарата акима города Исабаеву З. Р.

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Аким города Семей Е. Салимов

  Утверждена
постановлением акимата города
от "10" апреля 2017 года
  452

Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения "Аппарат акима города Семей Восточно-Казахстанской области", исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета

1. Общие положения

      1. Настоящая Методика оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" государственного учреждения исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета (далее – Методика) разработана в соответствии с пунктом 5 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" и определяет алгоритм оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б" (далее – служащие корпуса "Б").

      2. Оценка деятельности служащих корпуса "Б" (далее - оценка) проводится для определения эффективности и качества их работы.

      3. Оценка проводится по результатам деятельности служащего корпуса "Б" на занимаемой должности:

      1) по итогам квартала (квартальная оценка) – не позднее десятого числа месяца, следующего за отчетным кварталом (за исключением четвертого квартала, оценка которого проводится не позднее десятого декабря);

      2) по итогам года (годовая оценка) - не позднее двадцать пятого декабря оцениваемого года.

      Оценка служащего корпуса "Б" не проводится в случаях, если срок пребывания на занимаемой должности в оцениваемом периоде составляет менее трех месяцев, а также в период испытательного срока.

      Служащие корпуса "Б", находящиеся в социальных отпусках либо периоде временной нетрудоспособности, проходят оценку в течение 5 рабочих дней после выхода на работу.

      4. Квартальная оценка проводится непосредственным руководителем и основывается на оценке исполнения служащим корпуса "Б" должностных обязанностей.

      Непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" является лицо, которому данный служащий подчинен согласно своей должностной инструкции.

      Для руководителей исполнительных органов города, финансируемых из местного бюджета, оценка проводится акимом города, либо по его уполномочию одним из его заместителей.

      5. Годовая оценка складывается из:

      1) средней оценки служащего корпуса "Б" за отчетные кварталы;

      2) оценки выполнения служащим корпуса "Б" индивидуального плана работы по форме, согласно приложению 1 к настоящей методике.

      6. Для проведения оценки должностным лицом, имеющим право назначения на государственную должность и освобождения от государственной должности служащего корпуса "Б", создается Комиссия по оценке, рабочим органом которой является отдел по управлению персоналом аппарата акима города (далее – отдел по управлению персоналом).

      7. Заседание Комиссии по оценке считается правомочным, если на нем присутствовали не менее двух третей ее состава.

      Замена отсутствующего члена или председателя Комиссии по оценке осуществляется по решению уполномоченного лица путем внесения изменения в приказ о создании комиссии по оценке.

      8. Решение Комиссии по оценке принимается открытым голосованием.

      9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии по оценке. При равенстве голосов голос председателя комиссии является решающим.

      Секретарем Комиссии по оценке является сотрудник отдела по управлению персоналом. Секретарь Комиссии по оценке не принимает участие в голосовании.

2. Составление индивидуального плана работы

      10. Индивидуальный план работы составляется служащим корпуса "Б" совместно с его непосредственным руководителем не позднее десятого января оцениваемого года, по форме согласно приложению 1 к настоящей Методике.

      11. При назначении служащего корпуса "Б" на должность после срока, указанного в пункте 10 настоящей Методики индивидуальный план работы служащего корпуса "Б" на занимаемой должности составляется в течение десяти рабочих дней со дня его назначения на должность.

      12. Количество целевых показателей в индивидуальном плане работы служащего корпуса "Б" составляет не более четырех, которые должны быть конкретными, измеримыми, достижимыми, с определенным сроком исполнения.

      13. Индивидуальный план составляется в двух экземплярах. Один экземпляр передается в отдел по управлению персоналом. Второй экземпляр находится у руководителя структурного подразделения служащего корпуса "Б".

3. Подготовка к проведению оценки

      14. Отдел по управлению персоналом формирует график проведения оценки по согласованию с председателем Комиссии по оценке.

      Отдел по управлению персоналом за десять календарных дней до начала проведения оценки обеспечивает своевременное уведомление служащего корпуса "Б", подлежащего оценке, и лиц, осуществляющих оценку, о проведении оценки и направляет им оценочные листы для заполнения.

4. Квартальная оценка исполнения должностных обязанностей

      15. Оценка исполнения должностных обязанностей складывается из базовых, поощрительных и штрафных баллов.

      16. Базовые баллы устанавливаются на уровне 100 баллов за выполнение служащим своих должностных обязанностей.

      17. Поощрительные баллы выставляются за показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы, а также виды деятельности, являющиеся сложными в содержательном и/или организационном плане.

      18. Показатели деятельности, превышающие средние объемы текущей работы и сложные виды деятельности определяются государственными органами самостоятельно исходя из своей отраслевой специфики и распределяются по пятиуровневой шкале в порядке возрастания объема и сложности осуществляемой работы. При этом в число поощряемых показателей и видов деятельности могут входить как фиксируемые, так и нефиксируемые в Единой системе электронного документооборота и Интранет-портале государственных органов документы и мероприятия.

      За каждый поощряемый показатель или вид деятельности служащему корпуса "Б" непосредственным руководителем присваиваются в соответствии с утвержденной шкалой от "+1" до "+5" баллов.

      19. Штрафные баллы выставляются за нарушения исполнительской и трудовой дисциплины.

      20. К нарушениям исполнительской дисциплины относятся нарушения сроков исполнения поручений вышестоящих органов, руководства государственного органа, непосредственного руководителя и обращений физических и юридических лиц.

      Источниками информации о фактах исполнительской дисциплины служат документально подтвержденные сведения от отдела документационного обеспечения и контроля аппарата акима города (далее – отдел документационного обеспечения и контроля) и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      21. К нарушениям трудовой дисциплины относятся:

      1) опоздания на работу без уважительной причины;

      2) нарушения служащими служебной этики.

      Источниками информации о фактах нарушения трудовой дисциплины служат документально подтвержденные сведения от отдела по управлению персоналом и непосредственного руководителя служащего корпуса "Б".

      22. За каждое нарушение исполнительской и трудовой дисциплины служащему корпуса "Б" выставляются штрафные баллы в размере "– 2" балла за каждый факт нарушения.

      23. Для проведения оценки исполнения должностных обязанностей служащий корпуса "Б" представляет для согласования заполненный оценочный лист непосредственному руководителю по форме согласно приложению 2 к настоящей Методике.

      24. Непосредственный руководитель с учетом представленных отделом по управлению персоналом, отделом документационного обеспечения и контроля сведений о фактах нарушения служащим корпуса "Б" трудовой и исполнительской дисциплины, рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      25. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист подписывается служащим корпуса "Б".

      Отказ служащего корпуса "Б" от подписания оценочного листа не является препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае работником отдела по управлению персоналом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      26. Итоговая квартальная оценка служащего корпуса "Б" вычисляется непосредственным руководителем по следующей формуле:


      где - квартальная оценка;

      а - поощрительные баллы;

      в - штрафные баллы.

      27. Итоговая квартальная оценка выставляется по следующей шкале: менее 80 баллов – "неудовлетворительно", от 80 до 105 (включительно) баллов – "удовлетворительно", от 106 до 130 (включительно) баллов – "эффективно", свыше 130 баллов – "превосходно".

5. Годовая оценка

      28. Для проведения годовой оценки служащий корпуса "Б" направляет для согласования заполненный оценочный лист выполнения индивидуального плана непосредственному руководителю по форме согласно приложению 3 к настоящей Методике.

      29. Непосредственный руководитель рассматривает оценочный лист на предмет достоверности представленных в нем сведений, вносит в него корректировки (в случае наличия) и согласовывает его.

      30. Оценка выполнения индивидуального плана работы выставляется по следующей шкале:

      за невыполнение целевого показателя, предусмотренного индивидуальным планом работы, присваивается 2 балла;

      за частичное выполнение целевого показателя - 3 балла;

      за выполнение целевого показателя (достижение ожидаемого результата) - 4 балла;

      за превышение ожидаемого результата целевого показателя - 5 баллов.

      31. После согласования непосредственным руководителем оценочный лист заверяется служащим корпуса "Б".

      Отказ от подписания оценочного листа служащего корпуса "Б" не может служить препятствием для направления документов на заседание Комиссии по оценке. В этом случае работником отдела по управлению персоналом и непосредственным руководителем служащего корпуса "Б" в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      32. Итоговая годовая оценка служащего корпуса "Б" вычисляется отделом по управлению персоналом не позднее пяти рабочих дней до заседания Комиссии по оценке по следующей формуле:


      где - годовая оценка;

      - средняя оценка за отчетные кварталы (среднеарифметическое

      значение). При этом полученное среднеарифметическое значение квартальных оценок с учетом шкалы, указанной в пункте 27 настоящей Методики, приводится к пятибалльной системе оценок, а именно:

      значению "неудовлетворительно" (менее 80 баллов) присваиваются 2 балла,

      значению "удовлетворительно" (от 80 до 105 баллов) – 3 балла,

      значению "эффективно" (от 106 до 130 (включительно) баллов) – 4 балла,

      значению "превосходно" (свыше 130 баллов) – 5 баллов;

      оценка выполнения индивидуального плана работы

      (среднеарифметическое значение).

      33. Итоговая годовая оценка выставляется по следующей шкале: менее 3 баллов – "неудовлетворительно", от 3 до 3,9 баллов – "удовлетворительно", от 4 до 4,9 баллов – "эффективно", 5 баллов – "превосходно".

6. Рассмотрение результатов оценки Комиссией

      34. Отдел по управлению персоналом обеспечивает проведение заседания Комиссии по рассмотрению результатов оценки в соответствии с графиком, согласованным с председателем Комиссии.

      Отдел по управлению персоналом предоставляет на заседание Комиссии следующие документы:

      1) заполненные оценочные листы;

      2) должностная инструкция служащего корпуса "Б";

      3) проект протокола заседания Комиссии по форме согласно приложению 4 к настоящей Методике.

      35. Комиссия рассматривает результаты квартальных и годовой оценки и принимает одно из следующих решений:

      1) утвердить результаты оценки;

      2) пересмотреть результаты оценки.

      В случае принятия решения о пересмотре результатов оценки Комиссия корректирует оценку с соответствующим пояснением в протоколе.

      36. Отдел по управлению персоналом ознакамливает служащего корпуса "Б" с результатами оценки в течение двух рабочих дней со дня ее завершения.

      Ознакомление служащего корпуса "Б" с результатами оценки осуществляется в письменной или электронной форме.

      Отказ служащего корпуса "Б" от ознакомления не является препятствием для внесения результатов оценки в его послужной список. В этом случае работником отдела по управлению персоналом в произвольной форме составляется акт об отказе от ознакомления.

      37. Документы, указанные в пункте 34 настоящей Методики, а также подписанный протокол заседания Комиссии хранятся в отделе по управлению персоналом.

7. Обжалование результатов оценки

      38. Обжалование решения Комиссии служащим корпуса "Б" в уполномоченном органе по делам государственной службы или его территориальном департаменте осуществляется в течение десяти рабочих дней со дня вынесения решения.

      39. Уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент в течение десяти рабочих дней со дня поступления жалобы служащего корпуса "Б" осуществляет ее рассмотрение и в случаях обнаружения нарушений установленного законодательством порядка проведения оценки рекомендует государственному органу отменить решение Комиссии.

      40. Информация о принятом решении представляется государственным органом в течение двух недель в уполномоченный орган по делам государственной службы или его территориальный департамент.

      41. Служащий корпуса "Б" вправе обжаловать результаты оценки в суде.

8. Принятие решений по результатам оценки

      42. Результаты оценки являются основаниями для принятия решений по выплате бонусов и обучению.

      43. Бонусы выплачиваются служащим корпуса "Б" с результатами оценки "превосходно" и "эффективно".

      44. Обучение (повышение квалификации) служащего корпуса "Б" проводится по направлению, по которому деятельность служащего корпуса "Б" по итогам годовой оценки признана неудовлетворительной.

      Служащий корпуса "Б" направляется на курсы повышения квалификации в течение трех месяцев после утверждения Комиссией результатов годовой оценки его деятельности.

      45. Служащий корпуса "Б", получивший оценку "неудовлетворительно", не закрепляется наставником за лицами, впервые принятыми на административные государственные должности.

      46. Результаты оценки служащего корпуса "Б" по итогам двух лет подряд со значением "неудовлетворительно" являются основанием для принятия решения о понижении его в должности. При отсутствии любой вакантной нижестоящей должности служащий корпуса "Б" увольняется в порядке, установленном законодательством.

      47. Результаты оценки деятельности служащих корпуса "Б" вносятся в их послужные списки.


  Приложение 1
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" государственного
учреждения "Аппарат акима
города Семей Восточно-
Казахстанской области",
исполнительных органов,
финансируемых из местного
бюджета

Индивидуальный план работы административного государственного служащего корпуса "Б" местных исполнительных органов города Семей Восточно-Казахстанской области

_________________________________________________________год
(период, на который составляется индивидуальный план)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащего) ________________________________

      Должность служащего: ___________________________________________________________

      Наименование структурного подразделения служащего: _______________________________

      ________________________________________________________________________________


п/п

Целевые показатели *

Ожидаемый результат

1

Целевой показатель 1


2

Целевой показатель 2


3

Целевой показатель 3


4

Целевой показатель 4



      Примечание:

      * Целевые показатели определяются с учетом их направленности на достижение стратегической цели (целей) государственного органа, а в случае ее (их) отсутствия, исходя из функциональных обязанностей служащего.

      Количество целевых показателей составляет не более четырех, из них не менее половины измеримых.


Служащий
____________________________
(фамилия, инициалы)
дата _________________________
подпись ______________________

Непосредственный руководитель
______________________________
(фамилия, инициалы)
дата ____________________________
подпись _________________________

  Приложение 2
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" государственного
учреждения "Аппарат акима
города Семей Восточно-
Казахстанской области",
исполнительных органов,
финансируемых из местного
бюджета

Оценочный лист

____________________квартал _____ года
(оцениваемый период)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      оцениваемого служащего: _____________________________________________

      Должность оцениваемого служащего: ___________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего: _______________________________________________________________

      Оценка исполнения должностных обязанностей:

№ п/п

Самооценка служащего

Оценка непосредственного руководителя

Примечание

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

Сведения о поощряемых показателях и видах деятельности

Сведения о фактах нарушения исполнительской дисциплины

Сведения о фактах нарушения трудовой дисциплины

1








2








3








Результат самооценки:

Результат оценки:



Служащий
____________________________
(фамилия, инициалы)
дата _________________________
подпись ______________________

Непосредственный руководитель
________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ____________________________
подпись _________________________

  Приложение 3
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" государственного
учреждения "Аппарат акима
города Семей Восточно-
Казахстанской области",
исполнительных органов,
финансируемых из местного
бюджета

Оценочный лист

_____________________ год
(оцениваемый год)

      Фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      оцениваемого служащего: _________________________________________________________

      Должность оцениваемого служащего:

      _______________________________________________________________________________

      Наименование структурного подразделения оцениваемого служащего:______________________________________________________________________

      Оценка выполнения индивидуального плана:

№ п/п

Результат целевого показателя

Значение

Результаты самооценки служащего

Результаты оценки руководителя

Примечание

1

Результат целевого показателя 1

от 2 до 5




2

Результат целевого показателя 2

от 2 до 5




3

Результат целевого показателя 3

от 2 до 5




4

Результат целевого показателя 4

от 2 до 5





Служащий
____________________________
(фамилия, инициалы)
дата _________________________
подпись ______________________

Непосредственный руководитель
________________________________
(фамилия, инициалы)
дата ____________________________
подпись _________________________

  Приложение 4
к Методике оценки
деятельности административных
государственных служащих
корпуса "Б" государственного
учреждения "Аппарат акима
города Семей Восточно-
Казахстанской области",
исполнительных органов,
финансируемых из местного
бюджета

Протокол заседания Комиссии по оценке

____________________________________________________________________
(наименование государственного органа)

____________________________________________________________________
(вид оценки: квартальная/годовая и оцениваемый период (квартал и (или) год)

      Результаты оценки

№ п/п

Фамилия, имя, отчество (при его наличии) служащих

Сведения о результатах оценки

Корректировка Комиссией результатов оценки (в случае наличия)

Рекомендации Комиссии

1.





2.





3.






      Заключение Комиссии:

      _____________________________________________________________________

       Проверено:

       Секретарь Комиссии: __________________________ Дата: ____________________
 (фамилия, инициалы, подпись)

      Председатель Комиссии: ___________________________ Дата: ____________________
(фамилия, инициалы, подпись)

      Член Комиссии: ____________________________ Дата: ____________________
(фамилия, инициалы, подпись)