Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық мәслихатының 25.10.2018 № 25/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 5 тармағына, сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Риддер қалалық мәслихатының 2014 жылғы 15 шілдедегі № 28/5-V "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін, мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3435 тіркелген, "Мой город Риддер" газетінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 34 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
3 - тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"3. Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға 18000 (он сегіз мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.".
2. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сессияның төрағасы | В.ОСИПОВ |
Қалалық мәслихат хатшысы | И. ПАНЧЕНКО |