РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес , Глуховка ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы ШЕШТІ:
1. Глуховка ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 19 мамырдағы № 3 "Бесқарағай ауданы Глуховка ауылдық округінің Стеклянка ауылында шектеу шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5088 болып тіркелді, "Бесқарағай тынысы" аудандық газетінің № 54 санында жариялған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Глуховка ауылдық округі | |
әкімінің міндетін атқарушы | Г. Ешекеева |