РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес, Ерназар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Бесқарағай ауданы Ерназар ауылдық округі Қоянбай ауылының "Серикбол" шаруа қожалығының "Аккашар" учаскесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Ерназар ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №3 (Бесқарағай тынысы газетінің 2017 жылғы 1сәуірдегі № 26 (1856) нөмірінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 5 мамырда № 5009 тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерназар ауылдық округі әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б.Марзатаева |