"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 17 наурыздағы № 9-7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 4979 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 51-9-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 51-9-VI шешімімен (05.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4 - тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы К. Әпенов
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

  Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық
мәслихатының
2017 жылғы17наурыздағы
№ 9-7-VI шешіміне 1 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің(бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді. 

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын құжат болып табылады.

1. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      5. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің сейфінде сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

      7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      11. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру-кадрлар және құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

  "Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданының
мәслихат аппараты" мемлекеттік
мекемесінің қызметтік куәлік
беру қағидаларына қосымша

Үлгі

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе












      Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

  Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық
мәслихатының
2017 жылғы 17 наурыздағы
№ 9-7-VI шешіміне 2 қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1-қосымшаға сәйкес үлгіде "КУӘЛІК" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, "ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "АППАРАТ МАСЛИХАТА БОРОДУЛИХИНСКОГО РАЙОНА ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ", одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), Бородулиха аудандық мәслихат хатшысының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  "Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданының
мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына 1 қосымша

Куәлік мұқабасы



  "Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха ауданының
мәслихат аппараты"
Мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына 2 қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі



Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" и его описания

Решение Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 марта 2017 года № 9-7-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 25 апреля 2017 года № 4979. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 3 июля 2020 года № 51-9-VI

      Сноска. Утратило силу решением Бородулихинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 03.07.2020 № 51-9-VI (вводится в действие с 05.06.2020).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Бородулихинский районный маслихат Восточно-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Утвердить Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Утвердить описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии К. Апенов
      Секретарь районного маслихата У. Майжанов

  Приложение 1
к решению маслихата
Бородулихинского района
Восточно-Казахстанской
области от 17 марта 2017 года
№ 9-7-VI

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" (далее - Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области" (далее - аппарат районного маслихата).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим занимаемую государственным служащим должность.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря маслихата Бородулихинского района государственным служащим аппарата районного маслихата.

      4. Служебные удостоверения выдаются государственным служащим на три года при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока действия, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих аппарата районного маслихата (далее - журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе отдела организационно-кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата.

      6. При увольнении, изменении должности государственные служащие в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдают служебные удостоверения по месту его получения.

      7. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении, изменении должности, по истечении срока действия, либо порче один раз в год подлежат уничтожению сотрудником отдела организационно - кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

      При увольнении государственного служащего на обходном листе после сдачи служебного удостоверения ставится подпись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      8. При замене служебного удостоверения по истечении срока действия, в случае порчи ранее выданного удостоверения (предусмотренного пунктом 4 настоящих Правил), ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником отдела организационно - кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      9. В случае утери служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме отдел организационно - кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата и подает объявление в местные средства массовой информации, о недействительности утерянного служебного удостоверения.

      10. По каждому факту утери, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи его другим лицам или использования служебного удостоверения не по назначению, отдел организационно - кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата в установленном порядке рассматривает вопрос привлечения виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      11. Ежегодно, по состоянию на 1 января, отделом организационно-кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата проводится сверка служебных удостоверений их учетным данным.

      12. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель отдела организационно-кадровой и правовой работы аппарата районного маслихата.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат маслихата
Бородулихинского района
Восточно-Казахстанской
области"

Форма

Журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих

    №

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Срок действия

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание












      Примечание: журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется печатью государственного учреждения.

  Приложение 2
к решению маслихата
Бородулихинского района
Восточно - Казахстанской
области от 17 марта 2017 года
№ 9-7-VI

Описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно-синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения (в свернутом состоянии) по центру расположено изображение Государственного герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнены надписи "КУӘЛІК","УДОСТОВЕРЕНИЕ" по образцу, согласно приложению 1 к настоящему описанию служебного удостоверения. 

      3. Левая и правая внутренняя часть удостоверения: на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БОРОДУЛИХА АУДАНЫНЫҢ МӘСЛИХАТ АППАРАТЫ" МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ, "ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "АППАРАТ МАСЛИХАТА БОРОДУЛИХИНСКОГО РАЙОНА ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ", под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН", ниже указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность государственного служащего по образцу, согласно приложению 2 к настоящему описанию служебного удостоверения.

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 см, текст на государственном языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения, заверенный подписью секретаря маслихата Бородулихинского района и гербовой печатью государственного учреждения. 

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 х 4 см, под гербом надпись "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения. Ниже указывается срок действия удостоверения на государственном и русском языках.


  Приложение 1
к описанию служебного
удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат маслихата
Бородулихинского района
Восточно Казахстанской
области"

Обложка удостоверения



  Приложение 2
к описанию служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат маслихата
Бородулихинского района
Восточно-Казахстанской
области"

Внутренняя часть удостоверения