Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 28.12.2020 № 744 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" 9-бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Қасымжанов |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 33 қаулысына Қосымша |
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері
Тізімдік саны бар ұйымдар | Квота мөлшері (%) |
елуден жүз адамға дейін | 2 |
жүз бірден екі жүз елу адамға дейін | 3 |
екі жүз елу бірден артық адам | 4 |