РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 19 қазандағы № 369 ұсынысы негізінде Кеңсай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Кеңсай ауылдық округінде Жарсу ауылында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 наурыздағы №4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4968 болып тіркелген, 2017 жылғы 29 сәуірдегі аудандық "Достық" газетінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кеңсай ауылдық округінің | |
әкімі міндетін атқарушы | Н.Ашимханова |