Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 13.03.2018 № 12 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 3-тармағына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылдың 03 тамыздағы № 287 ұсынысы негізінде, Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Зайсан қала округінің "ДЭУ", "Бойна" мөлтек аудандарындағы ірі-қара мүйізді малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зайсан қала әкімінің міндетін атқарушы | А.Дутбаев |