Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 05.03.2018 № 77 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Күршім ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 26 сәуірдегі "Күршім ауданы бойынша 2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналарының ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылғы 1 маусымында № 4556 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 маусымдағы "Рауан – Заря" газетінде № 28 болып жарияланған) № 151 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Күршім ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-аналардың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әзімбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Күршім ауданының әкімі | С. Чукаев |
Күршім ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "27" 04 № 111 қаулысына қосымша |
2017 жылға Күршім ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге | Тәрбиеленушілер саны, адамдар | Бір айда бір тәрбиеленушіге орташа шығынның құны, теңге | Бір айда ата-аналар ақы төлемінің мөлшері, теңге | |||
балабақшалар | шағын орталықтар | балабақшалар | шағын орталық тар | балабақшалар | шағын орталықтар | |
24189 | 14395 | 175 | 400 | 24189 | 14395 | 5517 |
---|