Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 28.02.2019 № 34/6-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Күршім аудандық мәслихатының "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 17-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3298 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 4 маусымда № 42 "Рауан" және "Заря" аудандық газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, ветеринария және спорт ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек 18 000 (он сегіз мың) теңге көлемінде берілсін.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б. Нурумова |
Күршім аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | М. Сағанақов |