РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағы және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. "Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 1 "Рауан" газетінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 36 нөмірінде жарияланған (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 4 маусым № 3987 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалжыр ауылдық округінің әкімі | С.Кентпаев |