Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 15.05.2020 № 165 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1 тармағының 18) тармақшасына сәйкес және Көкпекті аудандық аумақтық бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторының 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 304 ұсынысы негізінде, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Көкпекті ауданының Бастаушы селолық округінің Бастаушы ауылында ұсақ мүйізді малдардың арасында бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Марат Капарович Темиржановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |