Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 05.04.2018 № 83 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 4 тармағының сәйкес, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2. Көкпекті ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 09 наурыздағы № 62 "2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 наурызда жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Сагандыков |
Көкпекті ауданы әкімдігінің қаулысына қосымша № 382 "27" 11 2017 ж. |
Көкпекті ауданы бойынша 2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Тәрбиеленушілер саны (адам) | Айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын төлемақысының мөлшері, теңге | Айына ата-ана төлемақысының мөлшері, теңге | ||||
Бала-бақшалар | Мектеп балабақша кешендері | шағын орталықтар |
Бала- | Мектеп –балабақша кешендері | шағын орталықтар | |
569 | 159 | 1068 | 24180 | 24180 | 13338 | 7000 |