Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 11 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 – бабының 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданы Қасым Қайсенов кентінде және Мамай батыр ауылында бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | А. Бережной |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | О. Сыдыков |
Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 91 шешіміне 1 қосымша |
Қасым Қайсенов кентінде бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
№ аймақ | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi | Шекара аймағы |
---|---|---|
I | 1,4 | Қаланың орталық бөлігі |
II | 1,3 | Қасым Қайсенов кентінің орталық бөлігінен солтүстіктен-батысқа қарай орналасқан 2-ші кезектегі құрылыс территориясы |
III | 1,2 | Оңтүстік-шығыс бөлігі |
IV | 0,8 | Оңтүстік-батыс өндірістік бөлігі |
V | 1,1 | 4- ші кезектегі құрылыс территориясы |
IV | 1,0 | 4- ші кезектегі құрылыс территориясы |
Ұлан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы № 91 шешіміне 2 қосымша |
Мамай батыр ауылында бағалау аймақтарыны шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi
№ аймақ | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi | Шекара аймағы |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
I | 1,2 | Мамай батыр ауылының орталық бөлігі, яғни Горная көшесінің оңтүстік бөлігі мен Панфилова көшесінің солтүстік бөлігі және Ленин көшесінің шығыс бөлігінен Юбилейный көшесінің батыс бөлігі. |
II | 1,0 | Мамай батыр ауылының екі аумағы кірді олар: Юбилейный көшесінің батыс және Ленин көшесінің шығыс бөлігінен Аблакетка өзені жағалауының шеткі құрылысына дейін. |
III | 0,9 | Мамай батыр ауылының төрт аумағын қамтиды: олар Панфилов көшесінің солтүстік-шығыс бөлігі, Королева көшесі, Селезневка көшесі, ауылдың оңтүстік бөлігі: Горная көшесі, Заимка көшесі және Аблакетка өзенінің оң жақ және сол жақ қоныстық аумағы. |
IV | 0,8 | Мамай батыр ауылының өндірістік обьектілері орналасқан жер аумағын құрайды. |
VIII | 0,5 | Мамай батыр ауылының солтүстігінен оңтүстігіне дейін орналасқан басты құрылыстар, ауыл шаруашылық мақсатында пайдалануға берілген жерлер; пайлануға берілмеген жер қоры, қала құрылысының қызметі үшін және де тағы басқа жерлер. |