Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 133 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 5332 болып тіркелді. Қолданысы 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 маусымдағы № 386 шешімімен. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2020 жылғы 21 ақпандағы № 133 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 21.02.2022 № 133 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Қолданысы 01.01.2021 дейін тоқтатыла тұрады – Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 17.06.2020 № 386 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 - бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, сәйкес Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Қоса беріліп отырған сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы С. Кучерин
      Ұлан аудандық маслихат
      хатшысы О. Сыдыков

  Ұлан аудандық мәслихатының
2017 жылғы
"04" желтоқсандағы
№ 133 шешімімен бекітілді

Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару Қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен Ұлан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды басқару - бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

      4. Қалдықтарды басқаруды жергiлiктi атқарушы органы (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

      5. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

      Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде аудан әкімдігі коммуналдық мүлікті басқару саласында қызмет атқаруға уәкілеттік берген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

      6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

      7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерге өнім берушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

      10. Қалдықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады

Об утверждении правил управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района

Решение Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 4 декабря 2017 года № 133. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 12 декабря 2017 года № 5332. Приостановлено действие до 1 января 2021 года решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 июня 2020 года № 386. Утратило силу - решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21 февраля 2022 года № 133

      Сноска. Утратило силу - решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.02.2022 № 133 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Приостановлено действие до 01.01.2021 решением Уланского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 17.06.2020 № 386.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Уланский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.


      Председатель сессии С. Кучерин
      Секретарь Уланского
      районного маслихата О. Сыдыков

  Утверждены решением
Уланского районного маслихата
№ 133 от "04" декабря 2017 года

Правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района

1. Общие положения

      1. Настоящие правила управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района, разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года и определяют порядок управления бесхозяйным отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность Уланского района (далее – отходы).

      2. Передача отходов в коммунальную собственность осуществляется на основании судебного решения.

      3. Управление отходами – это деятельность по оценке, учету, дальнейшему использованию, реализации, утилизации и удалению отходов.

      4. Управление отходами осуществляется местным исполнительным органом района (далее – местный исполнительный орган).

      5. Для целей управления отходами местным исполнительным органом создается комиссия из представителей заинтересованных государственных органов (далее – Комиссия).

      Органом по организации работ по управлению отходами определяется исполнительный орган, и финансируемый из местного бюджета уполномоченный акиматом района на осуществление функций в сфере управления коммунальным имуществом.

2. Порядок управления бесхозяйными отходами, признанными решением суда, поступившими в коммунальную собственность

      6. Оценка, учет, дальнейшее использование и реализация осуществляется в соответствии с Правилами учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833.

      7. Организация работ по безопасной утилизации и удалению невостребованных отходов осуществляется местным исполнительным органом

      с учетом рекомендаций Комиссии в соответствии с требованиями экологического законодательства Республики Казахстан за счет средств местного бюджета.

      8. Выбор поставщика услуг по утилизации и удалению отходов осуществляется в соответствии с законодательством Республики Казахстан о государственных закупках.

      9. Рекультивация территорий, на которых были размещены отходы, после реализации, утилизации, удаления отходов производится в соответствии с требованиями земельного законодательства Республики Казахстан.

3. Заключительные положения

      10. В процессе обращения с отходами соблюдаются требования, предусмотренные экологическим законодательством Республики Казахстан.