"Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 11-115/VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 4981 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 53-655/VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатының 24.06.2020 № 53-655/VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, қосымшаның 3 тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4 тармағына сәйкес Үржар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары;

      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы М. Ақпеков
      Үржар аудандық
      мәслихатының хатшысы К. Қарашев

  Үржар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 11-115/VI шешіміне
1 қосымша

"Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – аудандық мәслихат аппараты) қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді. 

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын құжат болып табылады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне аудандық мәслихат хатшысының қолы қойылып беріледі.

      4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      5. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің сейфінде сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес өкім шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін алған жерлеріне тапсырады.

      7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметкерлерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылғанда кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің қызметтік куәлік беруге жауапты қызметкері қайтарып алады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      11. Аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      12. Қызметтік куәліктерін толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің басшысы жүзеге асырады.

  "Үржар аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлік беру
қағидаларына қосымша

Үлгі

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе












      Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

  Үржар аудандық мәслихатының
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 11-115/VI шешіміне
2 қосымша

"Үржар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәлік мұқабасының көлемі 19 см х 6,5 см (ашып көрсетілген күйінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген күйінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы қызметтік куәлігінің сипаттамасына 1-қосымшаға сәйкес үлгіде "КУӘЛІК" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде "ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі, "Государственное учреждение "АППАРАТ УРДЖАРСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА", одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      4. Сол жағында: көлемі 3 х 4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), аудандық мәслихат хатшысының қолымен және мемлекеттік мекеменің елтаңбалы мөрімен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3 х 4 см Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  "Үржар аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына
1-қосымша

Куәлік мұқабасы



  "Үржар аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметтік куәлігінің
сипаттамасына
2-қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі



Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата" и его описания

Решение Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 марта 2017 года № 11-115/VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 25 апреля 2017 года № 4981. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июня 2020 года № 53-655/VI

      Сноска. Утратило силу решением Урджарского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 24.06.2020 № 53-655/VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, пункт 3 в приложении вводится в действие с 1 января 2020 года).
       Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 4 статьи 30 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года "О государственной службе Республики Казахстан" Урджарский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить:

      1) правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата" согласно приложению 1 к настоящему решению;

      2) описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата" согласно приложению 2 к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии М. Акпеков
      Секретарь Урджарского
      районного маслихата К. Карашев

  Приложение 1
к решению Урджарского
районного маслихата
от 24 марта 2017 года
№ 11-115/VI

Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата"

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата" (далее - Правила) определяют порядок выдачи служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата" (далее – аппарат районного маслихата).

      2. Служебное удостоверение государственного служащего (далее – служебное удостоверение) является документом, подтверждающим занимаемую государственным служащим должность.

2. Порядок выдачи служебного удостоверения

      3. Служебное удостоверение выдается за подписью секретаря районного маслихата государственным служащим аппарата районного маслихата.

      4. Служебные удостоверения выдаются государственным служащим на три года при назначении на должность, изменении должности, по истечении срока, утере, а также порче ранее выданного удостоверения.

      За полученное служебное удостоверение государственные служащие расписываются в журнале учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственных служащих аппарата районного маслихата (далее – журнал учета) по форме согласно приложению к настоящим Правилам.

      5. Служебные удостоверения и журнал учета хранятся в сейфе отдела организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата.

      6. При увольнении, изменении должности, государственные служащие в течение трех рабочих дней со дня вынесения соответствующего распоряжения сдают служебные удостоверения по месту его получения.

      7. Служебные удостоверения, сданные сотрудниками при увольнении, изменении должности, по истечении срока действия, либо порче, один раз в год подлежат уничтожению сотрудниками отдела организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата с составлением соответствующего акта об уничтожении в произвольной форме.

      При увольнении государственного служащего на обходном листе после сдачи служебного удостоверения ставится подпись лица, ответственного за выдачу служебного удостоверения.

      8. При замене служебного удостоверения по истечении срока действия, в случае порчи ранее выданного удостоверения (предусмотренного пунктом 4 настоящих Правил), ранее выданное служебное удостоверение изымается сотрудником отдела организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата, ответственным за выдачу служебного удостоверения.

      9. В случае утраты служебного удостоверения, его владелец незамедлительно извещает в письменной (произвольной) форме отдел организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата и подает объявление в местные средства массовой информации о недействительности утерянного служебного удостоверения.

      10. По каждому факту утраты, порчи служебного удостоверения, произошедшего в результате недобросовестного его хранения, а также передачи его другим лицам или использования служебного удостоверения не по назначению, отдел организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата в установленном порядке рассматривает вопрос привлечения виновных лиц к дисциплинарной ответственности.

      11. Ежегодно, по состоянию на 1 января, отделом организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата проводится сверка служебных удостоверений их учетным данным.

      12. Общий контроль за порядком заполнения, оформления, учета, выдачи, хранения и уничтожения служебных удостоверений осуществляет руководитель отдела организационной и кадровой работы аппарата районного маслихата.

  Приложение
к Правилам выдачи
служебного удостоверения
государственного учреждения
"Аппарат Урджарского
районного маслихата"

Форма

Журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим

Номер служебного удостоверения

Фамилия, Имя, Отчество (при наличии)

Занимаемая должность

Дата выдачи

Срок действия

Личная роспись о получении

Отметка о замене и сдаче служебного удостоверения (назначение, изменение должности, истечение срока, увольнение, утеря)

Уничтожение служебного удостоверения (номер и дата акта)

Примечание












      Примечание: журнал учета выдачи и возврата служебного удостоверения государственным служащим прошнуровывается, пронумеровывается и заверяется печатью государственного учреждения.

  Приложение 2
к решению Урджарского
районного маслихата
от 24 марта 2017 года
№ 11-115/VI

Описание служебного удостоверения государственного учреждения "Аппарат Урджарского районного маслихата"

      1. Обложка служебного удостоверения состоит из экокожи или кожзаменителя высокого качества темно-синего цвета, размером 19 см х 6,5 см (в развернутом состоянии).

      2. На лицевой стороне удостоверения (в свернутом состоянии) по центру расположено изображение Государственного герба Республики Казахстан золотистого цвета, ниже типографским шрифтом выполнена надпись "КУӘЛІК" по образцу, согласно приложению 1 к настоящему описанию служебного удостоверения.

      3. Левая и правая внутренняя часть удостоверения: на белом фоне изображен защитный тангир голубого цвета с использованием скрытой формы солнца и парящего орла в круге. В верхней части размещены надписи "ҮРЖАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АППАРАТЫ" мемлекеттік мекемесі, "Государственное учреждение "АППАРАТ УРДЖАРСКОГО РАЙОННОГО МАСЛИХАТА", под ними, отделяющиеся от текста красной отбивочной полосой надписи "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН", ниже указывается номер удостоверения, фамилия, имя, отчество (при наличии), занимаемая должность государственного служащего по образцу, согласно приложению 2 к настоящему описанию служебного удостоверения.

      4. На левой стороне: фотография (анфас, цветная) размером 3 х 4 см, текст на государственном языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения, заверенный подписью секретаря районного маслихата и гербовой печатью государственного учреждения.

      5. На правой стороне: изображение Государственного Герба Республики Казахстан на голубом фоне размером 3 х 4 см, под гербом надпись "ҚАЗАҚСТАН" и текст на русском языке в соответствии с пунктом 3 настоящего описания служебного удостоверения. Ниже указывается срок действия удостоверения на государственном и русском языках.

  Приложение 1
к описанию служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат
Урджарского районного
маслихата"

Обложка удостоверения



  Приложение 2
к описанию служебного
удостоверения государственного
учреждения "Аппарат
Урджарского районного
маслихата"

Внутренняя часть удостоверения