РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қабанбай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Күші жойылды деп танылсын:
"Қабанбай ауылдық округіндегі Кесік учаскесіндегі "Қайырғазы", "Бауыржан", "Толқын", "Жаңа ғасыр" шаруа қожалықтарына, Үштөбе учаскесіндегі "Айдын" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Қабанбай ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы № 4 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 27 ақпандағы № 4889 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қабанбай ауылдық округінің әкімі | Қ. Нұрымбаев |