РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына, Шемонаиха қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2017 жылғы 7 қарашадағы Шығыс Қазақстан облысының ономастикалық комиссиясының қорытындысы негізінде Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ және Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха қаласының келесі көшелері мен тұйық көшелері:
1) Дзержинский көшесі Шаңырақ көшесі;
2) Комсомольский көшесі Халықтық көшесі;
3) Красноармейский көшесі Мерей көшесі;
4) Пионерский көшесі Теректі көшесі;
5) Пролетарский көшесі Бастау көшесі;
6) Пугачев көшесі Өркен көшесі;
7) 2-ші Совхозный көшесі Шапағат көшесі;
8) Фурманов көшесі Болашақ көшесі;
9) Колхозный тұйық көшесі Трудовой тұйық көшесі;
10) Октябрьский тұйық көшесі Дорожный тұйық көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Ж. Бектұрсынов |
Шемонаиха аудандық | |
мәслихатының хатшысы | А. Боровикова |
Шемонаиха ауданының әкімі | А. Тоқтаров |