Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Мерген ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Мерген ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округі Мерген ауылындағы кейбір көше атаулары:
"Мырзағали" көшесі – "Бірлік" көшесі;
"Ниетқали" көшесі – "Жерұйық" көшесі;
"Құбай" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі деп қайта аталсын.
2. Мерген ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т.Жумашев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтіқ құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мерген ауылдық округі әкімі | М.Сагаденов |