1. 2016 жылғы 21 маусымдағы №109 "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2016 жылға арналған қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4494 тіркелген, 2016 жылғы 1 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Бөкей ордасы ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Айтқалиев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Қайырғалиеваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Н.Рахымжанов |