Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Бірлік ауылы халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Бірлік ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жаңақала ауданы Бірлік ауылдық округі Бірлік ауылының атаусыз көшелеріне мынадай атаулар берілсін:
№7 жобалық көшесі - "Астана" көшесі;
№8 жобалық көшесі - "Болашақ" көшесі;
№9 жобалық көшесі - "Құлагер" көшесі;
№10 жобалық көшесі - "Атақоныс" көшесі;
№11 жобалық көшесі - "Азаттық" көшесі.
2. Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (А.Жақсыбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Рсепубликасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы |
Е.Еслямгалиев |