Жәнібек ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 19-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 23 қаңтарда № 5050 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 наурыздағы № 30-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 20.03.2019 № 30-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес Жәнібек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жәнібек ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары бекітілсін.

      2. Жәнібек аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (Н.Қ.Уалиева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы М.Хаби
      Мәслихат хатшысы Т.Кадимов

  2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№19-2
Жәнібек аудандық
мәслихатының
шешімімен бекітілді

Жәнібек ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Осы Жәнібек ауданы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 28 сәуір 2017 жылы №15090 тіркелген), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 15 мамыр 2015 жылы №11064 тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар мазмұны:

      1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы) осы Жоспардың 1 - қосымшасына сәйкес;

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемалары осы Жоспардың 2 - қосымшасына сәйкес;

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы осы Жоспардың 3 - қосымшасына сәйкес;

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы осы Жоспардың 4 - қосымшасына сәйкес;

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы осы Жоспардың 5 - қосымшасына сәйкес;

      6) ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы осы Жоспардың 6 - қосымшасына сәйкес;

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі осы Жоспардың 7 - қосымшасына сәйкес;

      8) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Жәнібек ауданында 9 ауылдық округ, 18 ауылдық елді - мекендер орналасқан.

      Жәнібек ауданының жалпы көлемі 821323 га, оның ішінде жайылымдық жерлер-362342 га.

      Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:

      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-368830 га;

      елді мекен жерлері-86536 га;

      өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-1264 га;

      су қорының жерлері-1511 га;

      жер қорындағы жерлер-363182 га.

      Ауданның климаттық зонасы күртконтиненталды, қысы салыстырмалы салқын, жазы ыстық және құрғақ. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтар айында -16; -38°С, шілде айында +25; +37°С. Жауынның орташа түсімі 28 мм, ал жылдық 210 мм.

      Ауданның өсімдік жамылғысы әртүрлі, шөлейт белдемнің өсімдік түрі басым. Ауданның флорасында гүлді өсімдіктердің эндимиктік түрлері кездеседі. Өсімдік жамылғысына байланысты аудан шөлдің оңтүстік-шығыс шегіне ұласатын белдемге жатады.

      Ауданның шөптесін қорының басты түрі – жайылмалық шалғындар.

      Ауданның солтүстік-шығыс бөлігінде қызылқоңыр, қалған аумағында сортаң топырақты жерлер кездеседі. Топырақтың құнарлы қабаттың қалыңдығы 40-50 см.

      Ауданда 5 мал дәрігерлік пункттері және 13 мал көмінділері бар.

      Қазіргі уақытта Жәнібек ауданында 40595 бас мүйізді ірі қара, 77756 бас ұсақ мал, 12932 бас жылқы, 105 бас түйе және 22069 құс бар.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдармен қамтамасыз ету үшін барлығы 414660 га жайылымдық алқаптары бар. Жер қорындағы жерлерде 285511 га жайылымдық алқаптар бар.

      Жайылымдарға жаюдың бекітілген нормативтеріне сай аудандағы ауыл шаруашылық малдары үшін барлығы 817150,9 га жайылымдылық алқаптар қажет болса, соның ішінде 262773 га жеке шаруашылықтар және 554377,9 га шаруа қожалықтарға қажет.

      Бұл мәселелерді шешу үшін - мемлекеттік қордан жайылымдық алқаптарды ұтымды бөлу және елді мекендердің шекараларын қайта қалыптастыру, малдарды айдаудың жайылым тәсілін кеңінен қолдану, ауыл шаруашылық мақсатындағы және ауданының қордағы жерлерінен бөлу есебінен ұлғайту шараларын жүзеге асыру көзделуде.

      Сонымен бірге, мал дәрігерлік–санитарлық нысандармен қамтамасыз ету үшін барлық ауылдық округ орталықтарында мал тоғыту орындарының және қолдан ұрықтандыру пункттерінің құрылысын жүргізу, Борсы, Жақсыбай, Жәнібек, Талов ауылдық округтерінде мал дәрігерлік пункттерін және Жақсыбай ауылдық округінде қашырым мал көмінділерін салу жұмыстарын жүзеге асыру жоспарланған.

  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 1 қосымша

Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 2 қосымша

Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 3 қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 4 қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 5 қосымша

Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 6 қосымша

Ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы



  Жәнібек ауданы бойынша
2018-2019 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарға 7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық округ атауы

Шалғай жайылымға малдардың айдап шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

Ескерту

1

Жәнібек

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


2

Ақоба

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


3

Борсы

Сәуірдің екінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


4

Жақсыбай

Сәуірдің екінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


5

Күйгенкөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


6

Қамысты

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


7

Талов

Сәуірдің екінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


8

Тау

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


9

Ұзынкөл

Сәуірдің бірінші жартысы

Қазан екінші онкүндігі


      Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы топырақтық-климаттық аймақ зонасына байланысты, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты біркелкі құрғақ - селеулі - бетегелі –жусанды далада 180-200 күнді құрайды.

      Бұл жағдайда жайылымның ұзақтығы мүйізді ірі қара, ұзақ мүйізді малдар, жылқы және түйелер үшін максималды қар жамылғысың қалыңдыңымен тереңдігіне және басқада факторларға байланысты.

      Ескерту: аббревиатураның шешуі:
Со – Цельсий көрсеткіші;
га - гектар;
мм - милиметр;
см - сантиметр;
а/о - ауылдық округ.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Жанибекскому району на 2018-2019 годы

Решение Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 29 декабря 2017 года № 19-2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 23 января 2018 года № 5050. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20 марта 2019 года № 30-3

      Сноска. Утратило силу решением Жанибекского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 20.03.2019 № 30-3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах" и от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" Жанибекский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить План по управлению пастбищами и их использованию по Жанибекскому району на 2018-2019 годы согласно приложению к настоящему решению.

      2. Руководителю аппарата Жанибекского районного маслихата (Н.К.Уалиева) обеспечить государственную регистрацию данного решения в органах юстиции, его официальное опубликование в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      3. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2018 года.

      Председатель сессии М.Хаби
      Секретарь маслихата Т. Кадимов

  Утвержден
решением Жанибекского
районного маслихата
от 29 декабря 2017 года №19-2

План по управлению пастбищами и их использованию по Жанибекскому району на 2018-2019 годы

      Настоящий План по управлению пастбищами и их использованию по Жанибекскому району на 2018-2019 годы (далее – План) разработан в соответствии с Законами Республики Казахстан от 20 февраля 2017 года "О пастбищах", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", приказом Заместителя Премьер-Министра Республики Казахстан - Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 173 "Об утверждении Правил рационального использования пастбищ" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 апреля 2017 года № 15090), приказом Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 14 апреля 2015 года № 3-3/332 "Об утверждении предельно допустимой нормы нагрузки на общую площадь пастбищ" (зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 мая 2015 года № 11064).

      План принимается в целях рационального использования пастбищ, устойчивого обеспечения потребности в кормах и предотвращения процессов деградации пастбищ.

      План содержит:

      1) схему (карту) расположения пастбищ на территории административно-территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов, согласно приложению 1 к настоящему Плану;

      2) приемлемые схемы пастбищеоборотов, согласно приложению 2 к настоящему Плану;

      3) карту с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры, согласно приложению 3 к настоящему Плану;

      4) схему доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды, согласно приложению 4 к настоящему Плану;

      5) схему перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища, согласно приложению 5 к настоящему Плану;

      6) схему размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе, согласно приложению 6 к настоящему Плану;

      7) календарный график по использованию пастбищ, устанавливающий сезонные маршруты выпаса и передвижения сельскохозяйственных животных, согласно приложению 7 к настоящему Плану;

      8) иные требования, необходимые для рационального использования пастбищ на соответствующей административно-территориальной единице.

      План принят с учетом сведений о состоянии геоботанического обследования пастбищ, сведений о ветеринарно-санитарных объектах, данных о численности поголовья сельскохозяйственных животных с указанием их владельцев – пастбищепользователей, физических и (или) юридических лиц, данных о количестве гуртов, отар, табунов, сформированных по видам и половозрастным группам сельскохозяйственных животных, сведений о формировании поголовья сельскохозяйственных животных для выпаса на отгонных пастбищах, особенностей выпаса сельскохозяйственных животных на культурных и аридных пастбищах, сведений о сервитутах для прогона скота и иных данных, предоставленных государственными органами, физическими и (или) юридическими лицами.

      По административно-территориальному делению в Жанибекском районе имеются 9 сельских округов, 18 сельских населенных пунктов.

      Общая площадь территории Жанибекского района 821323 га, из них пастбищные земли– 362342 га.

      По категориям земли подразделяются на:

      земли сельскохозяйственного назначения–368830 га;

      земли населенных пунктов – 86536 га;

      земли промышленности, транспорта, связи, для нужд космической деятельности, обороны, национальной безопасности и иного несельскохозяйственного назначения–1264 га;

      земли водного фонда – 1511 га;

      земли запаса – 363182 га.

      Климат района резкоконтинентальный, зима сравнительно холодная, лето жаркое и засушливое. Среднегодовая температура воздуха в январе – -16; -38°С, в июле +25; +37°С. Средний размер осадков составляет - 28 мм, а годовой - 210 мм.

      Растительный покров района разнообразный, с преобладанием видов растительности засушливой зоны. Во флоре района встречаются растения цветочных видов и растения энломитных видов. По растительному покрову район относится к зоне, граничащей к юго-востоку с засушливой зоной.

      Основной травяной фонд района представлен пастбищными лугами.

      Почвы на северо-востоке района светлокаштановые, на юге встречаются солончаковые земли. Толщина плодородной почвы 40-50 см.

      В районе действуют 5 ветеринарных пунктов и 13 скотомогильников.

      В настоящее время в Жанибекском районе насчитывается 40595 голов крупного рогатого скота, 77756 голов мелкого рогатого скота, 12932 голов лошадей, 105 голов верблюдов и 22069 птиц.

      Для обеспечения сельскохозяйственных животных по району имеются всего 414660 га пастбищных угодий. В землях запаса имеются 285511 га пастбищных угодий.

      Согласно норматива выпаса сельскохозяйственных животных на пастбищах по району всего необходимо 817150,9 га пастбищных угодий, из них 262773 га для личных подворий и 554377,9 га для фермерских хозяйств.

      Для решения данной проблемы предусмотрено проведение мероприятий по рациональному распределению пастбищных угодий, формирование границ населенных пунктов, широкое внедрение отгонного выпаса животных, увеличение земель сельскохозяйственного назначения за счет перераспределения земель, за счет земель запаса района.

      Также, для обеспечения ветеринарно–санитарными объектами планируется строительство мест для купания животных и пунктов осеменения во всех центрах сельских округов, строительство ветеринарных пунктов в Борсинском, Жаксыбайском, Жанибекском, Таловском сельских округах и строительство пункта осеменения в Жаксыбайском сельском округе.

  Приложение 1
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Схема (карта) расположения пастбищ на территории административно – территориальной единицы в разрезе категорий земель, собственников земельных участков и землепользователей на основании правоустанавливающих документов



  Приложение 2
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Приемлемые схемы пастбищеоборотов



  Приложение 3
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Карта с обозначением внешних и внутренних границ и площадей пастбищ, в том числе сезонных, объектов пастбищной инфраструктуры



  Приложение 4
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Схема доступа пастбищепользователей к водоисточникам (озерам, рекам, прудам, копаням, оросительным или обводнительным каналам, трубчатым или шахтным колодцам), составленную согласно норме потребления воды



  Приложение 5
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Схема перераспределения пастбищ для размещения поголовья сельскохозяйственных животных физических и (или) юридических лиц, у которых отсутствуют пастбища, и перемещения его на предоставляемые пастбища



  Приложение 6
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Схема размещения поголовья сельскохозяйственных животных на отгонных пастбищах физических и (или) юридических лиц, не обеспеченных пастбищами, расположенными при селе, сельском округе



  Приложение 7
к Плану по управлению
пастбищами и их
использованию
по Жанибекскому району
на 2018-2019 годы

Календарный график по использованию пастбищ, определяющие сезонные маршруты выпаса и отгона сельскохозяйственных животных

Наименование сельского округа

Период отгона животных на отдаленные пастбища

Период отгона животных с отдаленных пастбищ

Примечание

1

Жанибекский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


2

Акобинский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


3

Борсинский

Вторая половина апреля

Вторая декада октября


4

Жаксыбайский

Вторая половина апреля

Вторая декада октября


5

Куйгенкольский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


6

Камыстинский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


7

Таловский

Вторая половина апреля

Вторая декада октября


8

Тауский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


9

Узынкольский

Первая половина апреля

Вторая декада октября


      Длительность пастбищного периода связана с почвенно-климатической зоной, видами сельскохозяйственных животных, а также урожайностью пастбищ в умеренно сухих на ковыльно – типчаково – полынных степях – составляет 180-200 дней.

      В данном случае продолжительность выпаса для крупного рогатого скота, мелкого рогатого скота, лошадей и верблюдов связана с максимальной глубиной снежного покрова с плотностью снега и другими факторами.

      Примечание: расшифровка аббревиатур:
Со – показатель Цельсия;
га – гектар;
мм - миллиметр;
см - сантиметр;
с/о - сельский округ.