"Минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 қаңтардағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 ақпанда № 16332 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 457 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 08.09.2020 № 457 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы "___"_________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрінің

      міндетін атқарушы

      ______________Р. Дәленов

      2018 жылғы "___"_________

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

"Минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжатын) беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрi - Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн;

      2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжатын) (бұдан әрі – қорытынды (рұқсат құжаты)) не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не оның өкілі нотариалды бекітілген сенімхаты бойынша) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      осы стандартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындының (рұқсат құжатының) жобасы;

      шарттың (келісімшарттың) көшірмесі, ал шарт (келісімшарт) болмаған жағдайда тараптардың ниетін растайтын өзге құжаттың көшірмесі;

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде көзделген минералды шикізатты өндірудің заңдылығын куәландыратын құжаттар көшірмесі;

      минералды шикізатты иеленудің заңдылығын куәландыратын құжаттардың көшірмесі.

      10. Көрсетілген қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін белгілеу;

      2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметтіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, "Транспорт Тауэр" ғимараты мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге талаптар

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары comprom.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 14.08.2019 № 640 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2018 жылғы 11 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына
қосымша
  Нысан

Минералды шикізатты кеден аумағынан тыс жерде қайта өңдеудің кедендік рәсімімен орналастыруға қорытынды (рұқсат құжаты)

      № ____/_____201 /_________

      ________________________________________________________________________________

      (қорытындыны беретін мемлекеттік органның атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғалар үшін толық ресми атауы және заңды мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру

      нөмірі/жеке тұлғалар үшін тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда) (бұдан әрі-Т.А.Ә.А), жеке

      басын куәландыратын құжаттың деректері, тұрғылықты жері)

      ________________________________________________________________________________

      берілді

      Өткізу түрі ______________________________________________________________________

      (өткізу түрі)

      ________________________________________________________________________________

      (бірыңғай тізбе бөлімі) (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық

      қызметінің тауар номенклатурасының коды (бұдан әрі - ЕЭАҚ СЭҚ ТН коды *)

Тауар атауы

Саны

Өлшем бірлігі


      Алушы/жіберуші _________________________________________________________________

      (атауы, заңды мекенжайы, елі)

      ________________________________________________________________________________

      Межелі ел/жіберуші ел ____________________________________________________________

      Әкелу (әкету) мақсаты ____________________________________________________________

      Уақытша әкелу (әкету) мерзімі: ____________________________________________________

      Негізі: __________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      Қосымша ақпарат ________________________________________________________________

      Транзит елі _____________________________________________________________________

      (аумақ бойынша транзит)

      Қолы_________            Күні________

      Қорытынды_________________ қолданыста болады

      ______________________________

      (Т.А.Ә.А.)

      ______________________________

      Мөр орны


- жолдары тауарлардың санатына қойылатын талаптарды ескере отырып толтырылады

Об утверждении стандарта государственной услуги "Выдача заключения (разрешительного документа) на помещение минерального сырья под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 11 января 2018 года № 14. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 февраля 2018 года № 16332. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан от 8 сентября 2020 года № 457.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 08.09.2020 № 457 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый стандарт государственной услуги "Выдача заключения (разрешительного документа) на помещение минерального сырья под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории".

      2. Комитету индустриального развития и промышленной безопасности Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на бумажном носителе и в электронной форме на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан;

      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, согласно подпунктам 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
Ж. Қасымбек

"СОГЛАСОВАН"

"СОГЛАСОВАН

Министр национальной экономики

Исполняющий обязанности Министра национальной экономики

Республики Казахстан

Республики Казахстан

______________ Т. Сулейменов

_______________Р. Даленов

"___" __________ 2018 года

"___" __________ 2018 года

  Утвержден
приказом Министра по
инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 11 января 2018 года № 14

Стандарт государственной услуги
"Выдача заключения (разрешительного документа) на помещение минерального сырья под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории"

Глава 1. Общие положения

      1. Государственная услуга "Выдача заключения (разрешительного документа) на помещение минерального сырья под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории" (далее – государственная услуга).

      2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан (далее - Министерство).

      Сноска. Пункт 2 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 14.08.2019 № 640 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      3. Государственная услуга оказывается Комитетом индустриального развития и промышленной безопасности Министерства (далее – услугодатель).

      Прием заявления и выдача результата оказания государственной услуги осуществляются через канцелярию услугодателя.

Глава 2. Порядок оказания государственной услуги

      4. Срок оказания государственной услуги:

      1) с момента сдачи пакета документов услугодателю – 15 (пятнадцать) календарных дней;

      2) максимально допустимое время ожидания для сдачи пакета документов услугополучателем – 20 (двадцать) минут;

      3) максимально допустимое время обслуживания услугополучателя – 30 (тридцать) минут.

      5. Форма оказания государственной услуги: бумажная.

      6. Результат оказания государственной услуги – заключение (разрешительный документ) на помещение минерального сырья под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории по форме, согласно приложению к настоящему стандарту (далее – заключение (разрешительный документ)) либо мотивированный ответ об отказе в оказании государственной услуги по основаниям установленным пунктом 10 настоящего стандарта государственной услуги.

      Форма предоставления результата оказания государственной услуги: бумажная.

      7. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим и юридическим лицам (далее – услугополучатель).

      8. График работы: услугодателя – с понедельника по пятницу с 9.00 часов до 18.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов, кроме выходных и праздничных дней, в соответствии с трудовым законодательством Республики Казахстан.

      Прием заявления и выдача результата оказания государственные услуги осуществляется с 9.00 часов до 17.30 часов, с перерывом на обед с 13.00 часов до 14.30 часов.

      Государственная услуга оказывается в порядке очереди, без предварительной записи и ускоренного обслуживания.

      В случаях представления услугополучателем неполного пакета документов согласно перечню, предусмотренному стандартом государственной услуги, и (или) документов с истекшим сроком действия услугодатель отказывает в приеме заявления.

      9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении услугополучателя (либо его представителя по нотариально заверенной доверенности):

      проект заключения (разрешительного документа) по форме, согласно приложению к настоящему стандарту;

      копия договора (контракта), а в случае отсутствия договора (контракта) – копия иного документа, подтверждающего намерения сторон;

      копия документов, удостоверяющих законность добычи минерального сырья, предусмотренных Кодексом Республики Казахстан "О недрах и недропользовании";

      копии документов, удостоверяющих законность владения минеральным сырьем;

      10. Услугодатель отказывает в оказании государственной услуги, в случаях:

      1) установление недостоверности документов, представленных услугополучателем для получения государственной услуги, и (или) данных (сведений), содержащихся в них;

      2) в отношении услугополучателя имеется вступившее в законную силу решение (приговор) суда о запрещении деятельности или отдельных видов деятельности, требующих получения данной государственной услуги.

Глава 3. Порядок обжалования решений, действий (бездействия) услугодателей и (или) их должностных лиц, по вопросам оказания государственной услуги

      11. Для обжалования решений, действий (бездействия) услугодателя и (или) его должностных лиц по вопросам оказания государственных услуг жалоба подается на имя руководителя услугодателя по адресу, указанному в пункте 13 настоящего стандарта государственной услуги, либо на имя руководителя Министерства по адресу: 010000, город Нур-Султан, проспект Кабанбай батыра, 32/1, здание "Транспорт Тауэр".

      Сноска. Пункт 11 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 14.08.2019 № 640 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      12. В случаях несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель обращается в суд в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

Глава 4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги

      13. Адрес места оказания государственной услуги размещен на интернет-ресурсе услугодателя: comprom.miid.gov.kz.

      Сноска. Пункт 13 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 14.08.2019 № 640 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

      14. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услуги размещены на интернет-ресурсе услугодателя: comprom.miid.gov.kz.

      Сноска. Пункт 14 в редакции приказа Министра индустрии и инфраструктурного развития РК от 14.08.2019 № 640 (вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования).

  Приложение
к приказу Министра
по инвестициям и развитию
Республики Казахстан
от 11 января 2018 года № 14
  Форма

                                          Заключение
                  (разрешительный документ) на помещение минерального сырья
                  под таможенную процедуру переработки вне таможенной территории
      № ____/_____201 /_________
      _______________________________________________________________________
                  (наименование государственного органа, выдавшего заключение)
      Выдано
      __________________________________________________________________________
            (для юридических лиц полное официальное наименование и юридический
      адрес, бизнес-идентификационный номер/для физических лиц фамилия, имя,
      отчество (при наличии) (далее - Ф.И.О.), данные документа удостоверяющего
      личность, место жительства)
      __________________________________________________________________________
      Вид перемещения
      __________________________________________________________________________
                                    (вид перемещения)
      __________________________________________________________________________
            (раздел единого перечня) (код Товарной номенклатуры внешнеэкономической
                  деятельности Евразийского экономического союза
                              (далее - Код ТН ВЭД ЕАЭС *)

Наименование товара

Количество

Единица измерения


      Получатель/отправитель
      __________________________________________________________________________
                              (название, юридический адрес, страна)
      __________________________________________________________________________
      Страна назначения/отправления
      __________________________________________________________________________
      Цель ввоза (вывоза)
      __________________________________________________________________________
      Срок временного ввоза (вывоза)
      __________________________________________________________________________
      Основание:
      __________________________________________________________________________
      __________________________________________________________________________
      Дополнительная информация
      ________________________________________________________________________
      Страна транзита
      ________________________________________________________________________
                                    (транзит по территории)
      Подпись _________                   Дата ________
      Заключение действительно по
      _________________________________
                  (Ф.И.О.)
      _________________________________
                  Место печати
      <*> -строки заполняются с учетом требований к категориям товаров