Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызу өлшемшарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 104 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 ақпанда № 16375 болып тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.01.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 438-бабының 2) тармақшасына және 461-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.01.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Жеке тұлғалар тауарларды, оның ішінде акцизделетін тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттердің аумағынан импорттайтын тауарларға жатқызудың мынадай өлшемшарттары бекітілсін:

      1) егер осы тармақтың 2) тармақшасында өзгеше көзделмесе, құны күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төмен еңбек ақының 12 еселенген мөлшерінен асатын ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлар әкелу;

      2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан жеке тұлғаның атына 1 (бір) жыл ішінде келесідей көлемде:

      теріден жасалған бұйымдар, оның ішінде бас киімдер – бір адамға бір атаудағы 1 (бір) заттан артық;

      ұялы телефон – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

      планшет – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

      стационарлық, тасымалданатын (портативті) компьютер және оған арналған керек-жарақтар – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

      зергерлік бұйымдар – бір адамға 5 (бес) заттан артық;

      велосипед – бір адамға 1 (бір) бірліктен артық;

      балалар арбасы – бір адамға 2 (екі) бірліктен артық;

      көлік құралдары, оның ішінде құрастырылмаған түрінде – 1 (бір) бірліктен артық.

      Өлшемшарттар бұрын қолданыста болған және жол жүруге және (немесе) межелі орында қажетті және:

      жол жүруге және (немесе) межелі орында, оның ішінде маусымдылығын, жол жүру мақсатын, көлік түрін ескере отырып пайдалану;

      тозу, оның ішінде сызаттар, майысулар, өзге де механикалық зақымданулар, жуу;

      жапсырмалардың, заттаңбаларының, этикеткалардың, бастапқы орамдарының болмауы жағдайындағы тауарларға қатысты қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 17.01.2022 № 43 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Тауарларды кәсіпкерлік қызмет мақсатында импортталатындарға жатқызу өлшемшартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 717 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 12746 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов

Об утверждении критериев отнесения товаров, в том числе подакцизных, к товарам, импортируемым физическими лицами с территории государств-членов Евразийского экономического союза в целях предпринимательской деятельности

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 104. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 февраля 2018 года № 16375.

      Сноска. Заголовок - в редакции приказа Министра финансов РК от 17.01.2022 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 438 и пунктом 2 статьи 461 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Министра финансов РК от 17.01.2022 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить следующие критерии отнесения товаров, в том числе подакцизных, к товарам, импортируемым физическими лицами с территории государств-членов Евразийского экономического союза (далее – ЕАЭС) в целях предпринимательской деятельности:

      1) ввоз товаров с территории государств-членов ЕАЭС на территорию Республики Казахстан, стоимость которых превышает за календарный год 12-кратный минимальный размер заработной платы, установленный законом Республики Казахстан о республиканском бюджете и действующий на 1 января соответствующего финансового года, если иное не предусмотрено подпунктом 2) настоящего пункта;

      2) ввоз товаров в течение 1 (одного) года в адрес физического лица с территории государств-членов ЕАЭС в следующем количестве:

      изделия из меха, в том числе головные уборы – более 1 (одного) предмета одного наименования на человека;

      мобильный телефон – более 2 (двух) единиц на человека;

      планшет – более 2 (двух) единиц на человека;

      стационарный, переносной (портативный) компьютер и принадлежности к нему – более 2 (двух) единиц на человека;

      ювелирные изделия – более 5 (пяти) предметов на человека;

      велосипед – более 1 (одной) единицы на человека;

      детская коляска – более 2 (двух) единиц на человека;

      транспортные средства, в том числе в несобранном виде – более 1 (одной) единицы.

      Критерии не применяются в отношении товаров, бывших в употреблении и необходимых в пути следования и (или) месте назначения, и при условии:

      использования в пути следования и (или) месте назначения, в том числе с учетом сезонности, цели поездки, вида транспорта;

      наличия признаков износа, в том числе царапин, вмятин, иных механических повреждений, стирки;

      отсутствия бирок, ярлыков, этикеток, первичной упаковки.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Министра финансов РК от 17.01.2022 № 43 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившим силу приказ Министра финансов Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 717 "Об утверждении критерия отнесения товаров к импортируемым в целях предпринимательской деятельности" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12746, опубликованный 25 января 2016 года в информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр финансов
Республики Казахстан
Б. Султанов