Тауарларды қайта өңдеу шарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 107 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 ақпанда № 16383 болып тіркелді.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 449-бабының 7-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған тауарларды қайта өңдеу шарттары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 107 бұйрығымен
бекітілген

Таурларды қайта өңдеу шарттары

      1. Қазақстан Республикасының аумағында алыс-беріс шикізатын қайта өндеуді Қазақстан Республикасының салық төлеушілері меншікті немесе өздерінің жалға алған өндірістік үй-жайларында және қуаттарында жүзеге асырады.

      2. Алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 18.10.2022 № 1080 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3.Тауарды қайта өңдеу жөніндегі операциялар алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің екі түрінің біреуі бойынша жүзеге асырылады:

      1) өнімді (тауарды) алу үшін шикізатты және (немесе) материалдарды өндірісте пайдалану кезінде Сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде пайдаланылған шикізаттың және (немесе) материалдың кодынан ерекшеленеді;

      2) алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу немесе өңдеу кезінде қарапайым құрастыру операциялары (тойтару, пісіру, желімдеу, құрастыру және басқа да осыған ұқсас операциялар), қоғамдық тамақтандыру ұйымдарының тамақ өнімдерін қайта өңдеуі, тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау жөніндегі операциялар (тауар лектерін бөлшектеу, жөнелтімдерді қалыптастыру, сұрыптау, буып-түю, қайта буып-түю), алынған өнімге оны бастапқы құрамдас бөліктерінен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды бойынша алғашқы төрт белгінің кез-келген деңгейінде ерекшеленетін сипаттама берместен, тауарларды, құрамдауыштарды араластыру, төл алу, жануарларды, құстарды, балықтарды өсіру және жемдеу, сондай-ақ шаян тәрізділер мен моллюскаларды өсіру, ағаштар мен өсімдіктерді өсіру, ақпаратты, дыбыс және бейне жазбаларды ақпарат тасымалдағыштардың кез келген түрлеріне көшіру мен көбейту, шетелдік тауарларды технологиялық үдерісте көмекші құралдар ретінде (жабдықтар, станоктар, тетіктер және басқалар) пайдалану жүзеге асырылмайды деген шартпен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша осы алыс-беріс шикізатының коды бойынша өнімдерде қайта өңдеу сипаттамасын сақтай отырып, дербес сипатын жоғалтады.

Об утверждении условий переработки товаров

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 1 февраля 2018 года № 107. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 19 февраля 2018 года № 16383.

      В соответствии с пунктом 7 статьи 449 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс) ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 18.10.2022 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые условия переработки товаров.

      2. Комитету государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (Тенгебаев А.М.) в установленном законодательном порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его копии в бумажном и электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства финансов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр Б. Султанов

  Утверждены
приказом Министра финансов
Республики Казахстан
от 1 февраля 2018 года № 107

Условия переработки товаров

      1. Переработка давальческого сырья на территории Республики Казахстан осуществляется налогоплательщиком Республики Казахстан в собственных, либо арендуемых им производственных помещениях и мощностях.

      2. Исключен приказом Заместителя Премьер-Министра - Министра финансов РК от 18.10.2022 № 1080 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Операции по переработке товара осуществляются по одному из двух видов переработки давальческого сырья:

      1) при использовании сырья и (или) материалов в производстве для получения продукта (товара) код по Единой товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности отличается от кода использованного сырья и (или) материала на уровне любого из первых четырех знаков;

      2) при переработке или обработке давальческое сырье теряет индивидуальный характер, с сохранением в продуктах переработки характеристик по коду данного давальческого сырья по Единой товарной номенклатуре внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза при условии, что при переработке давальческого сырья не осуществляются простые сборочные операции (клепка, сварка, склеивание, сборка и другие подобные операции), переработка продуктов питания организациями общественного питания, операции по подготовке товаров к продаже и транспортировке (дробление партии, формирование отправок, сортировка, упаковка, переупаковка), смешивание товаров, компонентов без придания полученной продукции характеристик, отличающих ее от исходных составляющих на уровне любого из первых четырех знаков по коду Единой товарной номенклатуры внешнеэкономической деятельности Евразийского экономического союза, получение приплода, выращивание и откорм животных, птиц, рыб, а также выращивание ракообразных и моллюсков, выращивание деревьев и растений, копирование и размножение информации, аудио и видеозаписей на любые виды носителей информации, использование иностранных товаров как вспомогательных средств в технологическом процессе (оборудование, станки, приспособления и другое).