2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 68) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 22 тамыздағы № 631 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15762 болып тіркелген, нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкі жүйесінде 2017 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьюторда сатып алуға жататын амбулаториялық және стационарлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімінің бөлімінде:
реттік нөмірі 88-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
88 | J07BD52 | Қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцина**** | Қызылша, қызамық және паротит вирусыныңтіріаттенирленгенштаммдардантұратынлиофилизизацияланған вакцина. Шығару түрі– еріткіш пен жиынтықта 1 дозадағы құты. Вакцинаны шығару бойынша өндіріс ДДҰ-мен сертификатталуы тиіс. | доза | 1215,33 |
";
реттік нөмірі 125-жол алып тасталсын:
реттік нөмірлері 533 және 534-жолдар алып тасталсын:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 669 және 670-жолдармен толықтырылсын:
"
669 | J07BC | Инактивтелген А гепатитінің вирусы | Инъекцияға арналған суспензия,құтыда 1 доза/0,5 мл | құты | 4 968,79 |
670 | N03AG01 | Вальпрой қышқылы | 100 мл-дан ауызға қолданылатын тамшыдәрілер | құты | 1 844,54 |
";
"Амбулаториялық деңгейде медициналық көмек көрсетуге ғана арналған 2018 жылға арналған Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 105, 106 және 107-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
105 | L04AA06 | Микофенол қышқылы ****** | таблетка, 360 мг | таблетка | 708,51 |
106 | L04AA06 | Микофенолқышқылы ****** | таблетка, 180мг | таблетка | 389,50 |
107 | L04AA06 | Микофенолқышқылы ****** | капсула 250мг | капсула | 240,34 |
";
реттік нөмірі 125-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
125 | M01CC01 | Пеницилламин **** | таблетка 250 мг | таблетка | 153,57 |
";
реттік нөмірі 144-жол қазақ тілінде мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтін өзгертілмейді:
144 | J05AX15 | Софосбувир | таблетка, препараттың әрбір бірлігіне қосымша Даклатасвирдің 1 таблеткасыберіледі | таблетка | 4 424,00 |
реттік нөмірлері 146, 147, 148 және 149-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
146 | L04AD02 | Такролимус ****** | капсула 0,5мг | капсула | 533,43 |
147 | L04AD02 | Такролимус ****** | капсула 1мг | капсула | 1 058,34 |
148 | L04AD02 | Такролимус (****)****** | ұзақәсерететін капсула 0,5 мг | капсула | 451,55 |
149 | L04AD02 | Такролимус (****)****** | ұзақәсерететін капсула 1 мг | капсула | 903,10 |
";
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 203-жолмен толықтырылсын:
"
203 | A16AB12 | Элосульфаза альфа | инфузияға арналған ерітінді дайындау үшін концентрат 1 мг/мл | құты | 429927 |
";
мынадай мазмұндағы ескертумен толықтырылсын:
"******ауырлық барлық сатылары мен дәрежелері (трансплантталған ағзалар мен тіндерді қабылдамау қаупінің алдын алу үшін науқастар бүкіл өмірі бойы бір өндірушінің дәрілік препараттарын қабылдайды)".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелгеннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялауды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4 ) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушы |
А. Цой |